Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемді шошытқан құбыжық жануарлар

Опубликовано:

Жануарлар әлемінің құпиясы көп. Сіз тіпті мына ғаламшарда қаншама белгісіз жануарлардың бар екенін білмейсіз. Бүгін сіздердің назарларыңызға әлем жұртшылығын шошытқан құбыжық жануарларды womanadvice.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ ұсынады.

Ескерту: Фотоларды жүрегі әлсіз жандарға қарауға кеңес бермейміз!

1. Монтауктық монстр

Жануардың қаңқасы Монтауке жағажайында 2008 жылы табылған. Құбыжықты суретке кәсіби мамандар куәгерлердің көзінше түсіріп алған.

2. Таиландтағы рәсімнің біріндегі жат планеталықтың мүрдесі

Жергілікті ауылда мұндай нәрсенің қалай пайда болғанын түсіндіру қиын. Суретте дәстүрлі буддалықтардың жерлеу рәсіміне келген қонақтар. Көріп отырғаныңыздай дене адамның денесі емес. Ол адам мен сиырдың қосылысына ұқсайды.

3. Коул Холлоу монстр

Бұл құбыжық бигфут отбасына тән. Оны алғаш рет Тазуэлл графтығында 1972 жылы көрген. Осыдан кейін Кохомо-құбыжық тас жолда түнде қалып қалған адамдар үшін ең үлкен қорқынышқа айналған. Коул Холлоуды АҚШ-тың 200-ге жуық тұрғыны көрген.

4. Беті маймыл торай

Суреттен мұның ешқандай мистика емес екені көрініп тұр. Бұл гендік мутация. Бұл торай Кубада дүниеге келген. Бірақ, төрт күннен кейін өліп қалған.

5. Поуп Лик – ешкі адам

Ешкі адам Штатта аңызға айналған. Куәгерлер Поу Лик Кентуккада өмір сүреді деген. Ол өз құрбандарын аямайтын, қатыгез құбыжықтың бірі.

6. Үндістандық гуманоид

Бұл жаратылыс интернетте тез таралып кетті. Оның қайдан шыққаны белгісіз. Оны құдық қазып жүрген үндістандықтар тауып алған. Ғалымдар мұның мутацияға ұшыраған адам болуы мүмкін екенін айтуда.

7. Канвей-Айленда құбыжығы

Оны 1953 жылы жағажайда тауып алған. Оны зерттеген зоологтар оның жер бетінде жүре алатын артқы аяқтары бар екенін анықтаған. Бірақ, басқа мүшесінің барлығы суда өмір сүруге арналған.

8. Мотман

Мотман –Батыс Вирджинияда адамдарға кездескен құбыжық. Ол 1966 жылдың 15 қарашасынан 1967 жылдың 15 желтоқсанына дейін елді шошытып жүрген.

9. Чупакабра

Чупакабра 1995 жылы Пуэрто-Рикода табылған.

Тағы оқыңыздар:

Шетелдіктерге Астана сауда орталықтарында селфи жасауға тыйым салынды

Жігітті мойнына отырғызып алып билеген бойжеткенді жұрт Гераклға теңеді (видео)

Шешенстанда көз жұмған қазақстандықтың өлімін жақындары жаңалықтардан бір-ақ білген

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1452828-alemdi-shoshytqan-qubyzhyq-zhanuarlar/

pixel