Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Студент қыз модель атану үшін 25 келі салмақ қосқан (видео, фото)

Опубликовано:

Алисс Бонитон, модель плюс-сайз. Бойжеткен асқазан аурулары мен диета қажытқан бірнеше жылдан кейін 25 келі салмақ жинаған. Бүгінде ол әлеуметтік желіде өзгелерге шабыт беру үшін суреттерімен бөлісіп, кеңестер береді деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

 Бұрын ол 46 өлшемдегі көйлек кию үшін, өзін түрлі диеталармен қинайтын.

Бүгінде бойжеткен желіде іш киіммен түскен суреттерін еш қымсынбастан жариялайды. Күлімдеп тұрған томпақ қыз бұдан бұрын өз денесінен ұялып, түрлі диеталар ұстап қиналды деп айтуға келмес.

Жарты жыл бұрын Алисс өзін азаптауды доғару керек екенін түсініп, өзінің басқа кейпін тіркеп отыру үшін  Instagram-да парақша ашқан. Қазір ол  54-ші өлшемдегі киім киіп, мұнысын өзі мақтан тұтады. 60 келіден асқаннан кейін, ол плюс-сайз модель атанды.

Кейіпкеріміз бұрындары аяғы мен бөксесін жек көрсе, қазір оларды мақтан тұтатынын айтты. Оның сөзінше, бірінші суретті салу үшін оған батылдық қажет болған. Кейіннен ондағы жақсы пікірлерді көріп, өзінің қателеспегенін түсінген.

Қазір Алистің инстаграмында шамамен 90 мың тіркелуші бар.  Қыз өзі түсірген видеоларын да қолданушыларымен бөліседі.

Алисс видеоблогында өзі сынды қыздарға ақыл-кеңес айтып, толықтықтан еш ұялмау қажеттігін түсіндіруде.

Тағы оқыңыздар:

Елімізде шенеуніктердің намаз оқуына рұқсат етілді

Жоғарғы сот Бақытбек Есентаевтың үкімін өзгертуден бас тартты

Білім министрлігі оқу жылының қысқартылатынын жоққа шығарды

Қоғамдық орында әдеп сақтамаған қызметкерді жұмысынан қуған дұрыс па?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1454147-model-atanu-ushin-student-qyz-25-keli-sa/

pixel