Қысқатолқынды пештің біз білмейтін ғажаптары қандай?
Жарияланған күні:
Әдетте көп адам қысқатолқынды пешті тек ас жылытуға ғана қолданады. Ал шын мәнінде оны тұрмыстағы көптеген істі жеңілдету үшін пайдалана аласыз. Олай болса bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы қысқатолқынды пештің сіз білмейтін ғажаптарын назарға ұсынады.
1. Пиязды жыламай тураңыз
Пияздың қабығын тазалаған соң, оның бас-аяғын кесіп тастап, қысқатолқынды пешке 30-40 секундқа қойыңыз. Оның дәмі мен бойындағы барлық пайдалы дәрумендері жоғалмайды. Тек, турау барысында сіздің көзіңізден жас шығармайтын болады.
2. Ұзақ уақыт сақталған дәмдеуіштің иісін қайтарыңыз
Әдетте ұзақ уақыт сақталған соң, иісін жоғалтатын дәрумендерді қысқытолқынды пешке 15 секундқа жылыту арқылы қайта қалпына келтіруге болады.
3. Майды ерітіңіз
Кез-келген майды қысқатолқынды пешке 1 минутқа қойсаңыз, ол сұйық күйге айналып шыға келеді.
4. Қатып қаллған нанды жұмасртыңыз
Ол үшін қатып қалған наныңызды ылғал қағаз немесе матаға орап, қысқатолқынды пешке 10-20 секундқа қойыңыз. Егер жеткілікті дәрежеде жұмсармаса, осы әрекетті қайталауға болады.
5. Сендвич пен басқа да піскен нан өнімдерін жылытқанда, ол жұмсақ күйге түсіп, еріп кетпес үшін сыртын қағазбен орап барып жылытыңыз.
6. Жаңғақ немесе бадамды қуырыңыз
Ол үшін қуырғалы тұрған жаңғағыңызды майдалап езіп, ыдысқа саласыз да қысқатолқынды пешке 1 минутқа қоясыз. Қажетті деңгейге жеткенше бұл әрекетті қайталай беруге болады.
7. Үйдегі ыдысыңыздың сапасын тексеріңіз
Пластмассадан жасалған ыдыс-ақтардың сапасы мен жарамдылығын тексеру үшін оның ішіне су құйылған бокалды салып, жылытуға қоясыз. Бірер минуттан соң ашқанда ыдыстың ішіндегі су жылып, ал ыдыстың өзі бір қалыпты температурада тұрса, онда ыдыс үшін алаңдамасаңыз болады. Ал егер ыдыс та сумен қосылып ысып кетсе, онда тез арада пешті ауыстыру керек.
8. Қысқатолқынды пеште жұмыртқа қуырып, омлет дайындауға болады
Жұмыртқаны жарып, оның үстіне ірімшік, тұз, дәмдеуіштеріңізді қосыңыз да, пешке үш минутқа қалдырыңыз. Қайта келгенде сізді дайын тағам күтіп тұрады.
9. Лимонның шырынын көбірек алуға болады
Лимонды турамас бұрын қысқатолқынды пешке 10-20 секундқа қойып қоямыз. Содан кейін оны сықсаңыз, процесс жеңіл әрі шырыны да көбірек болады.
10. Сарымсақтың қабығын тазалауды да қысқатолқынды пешке жылыту арқылы едәуір жеңілдетуге болады.
11. Жеміс-жидектердің қабығын оңай тазалау үшін де аздап қысқатолқынды пеште жылытып жіберу керек.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1717113-kyskatolkyndy-pesti-biz-bilmejtin-gazaptary-kandaj/