Екі баланың анасы секс-қуыршаққа айналу үшін 12 мың доллар жаратқан
Жарияланған күні:
31 жастағы Манчестер қаласының тұрғыны Синди Мур қуыршаққа ұқсау үшін түрлі оталар жасатқанын жасырмайды. Күрделі өзгерісі үшін ол 12 мың доллар(теңгемен есептегенде төрт миллионға жуық) жұмсаған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
31 жастағы Синди омырауын үлкейтіп, жасанды шаш өсірген. Оған қоса, айына үш рет ернін үлкейтуге барып тұрады. Жасалған ауқымды өзгерістер екі баланың анасына аздық еткен сияқты.
«Мен төсіме тағы бір ота жасатып, ішімді тартуға арналған операция жасатқым келеді. Алайда, ботокс мен жасатпаймын. Алда үлкен жол күтуде. Артық салмақтан арылып, сепкс-қуыршаққа одан бетер ұқсасам деймін.»
Мұндай күрделі өзгеріске жігітінің оның көзіне шөп салуы итермелеген. Екі баланы босанғаннан кейін, біраз салмақ жинаған Синди енді өзінің дене бітімін реттеуге кіріспек. Ол аса ауыр диетаға отырып, аптасына жеті күн жаттығу залына барып тұрған. Нәтижесінде 30 келіге арықтады.
Дегенмен көп салмақ тастаса да, 31 жастағы әйел үшін оның өзі аздық етеді.
Сүйіктімді алғаш рет 19 жасымда жолықтырдым. Ол кезде дәл қазіргідей болғанмын. Алайда екі баланы босанғаннан кейін, шамамен 45 келі жинап алдым дейді Синди.
Сонымен қатар, өзінің суреттерін интернет арқылы сатуды ол көп-көрім кәсіпке айналдырған сыңайлы.
Бүгінгі күні Синди Мурдың Instagram парақшасына 32 мыңға жуық адам тіркелген. Секс-қуыршақтың суреттері желі қолданушылар арасында үлкен қызығушылық тудыратын көрінеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1721111-eki-balany-anasy-seks-kuyrsakka-ajnalu-sin-12-my-dollar-zaratkan/