Жапондықтар жыныс мүшесіне арнап аста-төк фестиваль өткізді (фото +18)
Жарияланған күні:
Бірінші сәуір күні көпшілік күлкі күнін тойлатса, жапондықтар жыныс мүшесі күнін атап өтті. Кавасаки қаласының тұрғындары әуретті жерге арналған фестивальде бас қосты. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Канамара деп аталатын бұл мерекеде ұрпақтың жалғастырушы мүшеге алғыс білдіру қажет деп саналады.
Қалалықтар фестивальде бас қосып, жыныс мүшесінің маңыздылығын дәріптеуге кіріседі.
Сенім бойынша, әйелдер бұл күні мерекенің басты символы - жыныс мүшесіне қолын тигізсе, отбасында бақытты болып, ұрпағы жалғасады.
Көпшілік өзімен бірге әуретті жерге ұқсайтын ойыншықтар ала шығады. Ал фестивальдан түскен қаражат ВИЧ дертін зерттеуге арналған қайырымдылық қорына беріледі.
Аталмыш мерекені жапондықтар XVII ғасырдан бері тойлап келеді.
Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1725545-zapondyktar-zynys-msesine-arnap-asta-tk-festival-tkizdi-foto-18/