Қоңыр көзді ару жанарын көк түске өзгертемін деп соқыр болып қалды (фото)
Жарияланған күні:
32 жастағы Надин Бруна көзінің түсін қоңырдан көкке өзгерту үшін силиконды имплант орнатты. Бұл туралы NUR.KZ порталы rus.jauns.lv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Модельдің айтуынша, ота сәтсіз өткен, нәтижесінде оның көзі «90 жастағы кейуана секілді» көреді.
Бірнеше ай бұрын Брунаның көздері қызарып, қатты ауыра бастаған. Оң жақ көзінің көру қабілеті 80%-ға, сол жақ көзі 50%-ға төмендеген. Нәтижесінде модель жалғыз табыс көзінен айырылады.
«Отаға дейін менің көзім толығымен сау болатын. Енді көзім өмір бойы нашар көретін болады, қарашығы тым сезімтал, бұдан былай суретке түсе алмайтын болдым. Көзімнің көру қабілетінен мәңгілікке айырылдым», - дейді модель.
Дәрігерлер модельдің көзінен силиконды имплантты алып тастады, бірақ көзді бастапқы қалпына келтіру мүмкін емес.
Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1726517-koyr-kzdi-aru-zanaryn-kk-tske-zgertemin-dep-sokyr-bolyp-kaldy-foto/