Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Небары 10 жасында кәрі әжейге айналған ерекше қыз туралы не білеміз?

Жарияланған күні:

Бангладештегі Хабигандж аулының тұрғыны Таклима Джахан Ниту өте сирек кездесетін "прогерия" ауруына шалдыққан. Бұл генетикалық дерт белсенді қартаюға әкеп соқтыратындықтан, 10 жасар қыз өз құрдастарынан әлдеқайда кәрі көрінеді деп хабарлайды fishki.net-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Генетикалық дертке шалдыққандар кішкентайынан тез қартайғанымен, дене пішіндері өспей қалып жатады.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Бүгінгі күні Таклима он жаста. Дәрігерлер оның өмір сүруіне әлі бірнеше жыл уақыт бар деп есептейді. Ол он жылда аса ауыр диагнозға көніп, өмірді сүюді үйренген.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Өз замандастары сияқты ол да мектепке барып, білім алады.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Ниту сурет салғанда өте жақсы көреді. Өзінің бос уақытында ол бірден сүйікті ісіне кіріседі.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Кез келген қыз сияқты ол да косметиканы ұнатады.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Оның ең сүйікті әшекейі - білезік. Ниту олардың түр-түрін сатып алады.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Алайда өзінің көп уақытын қыз бала үйінде өткізеді.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Ниту жастық төсемей отыра алмайды.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Қыз баламен ойнауға тек өзінің аға-әпкелері ғана келіседі. Әдетте олар үй ауласында ойнайды. Өйткені Ниту басқа адамдардың көзіне барынша көрінбеуге тырысады.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Оның үш ағасы мен үш әпкелері бар.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Ол өз әпкелерімен жергілікті базарға барып, түрлі заттарды сатып алғанды ұнатады. Себебі, әпкелері ғана оның нағыз жақын достарына айналған.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Ниту көпшілік алдына көп шықпауды жөн көреді. Себебі жергілікті халық оны жиіркенішті санап, қыз баланың бет-әлпетінен шошып қашып кетіп жатады.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Оның үстіне көбісі қыз баланы қарғыс атқан деп санайды. Қоғамның өзін қабылдамайтынына еті үйренген Ниту, елеусіз қолдау көрсететін отбасысының арқасында ғана ауруға төтеп беріп отырғанын жасырмады.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Жанұясының қасында қыз бала тіпті өзінің басқалардан өзгеше екенін де ұмытып, ауыр дертін де естен шығарады.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1729387-nebary-10-zasynda-kri-zejge-ajnalgan-erekse-kyz-turaly-ne-bilemiz/