Ұлы шахзадаларды дүниеге әкелген гаремдегі қыздар шын мәнінде қандай болған?
Жарияланған күні:
Желіде сұлтандардың сүйікті әйелдері деген "көркісіз" сурет таралған кейін көптеген оқырман егер әлемді билеген көшбасшылардың таңдауы осындай типті әйелдер болса, онда гаремдегі аруларда осыған ұқсас болған деген тұжырым жасап қойған еді. Алайда "Гарем" деген атаумен таралған фотодағы әйелдер шын мәнінде актер еркектер болып шыққан деп хабарлайды fishki.net порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Бұл суреттегі еректер 1890 жылы Насереддин шахтың бұйырығымен Дар-аль-Фунун политехникалық училищесінде құрылған мемлекеттік театрдың актерлары. Ол кезде әйелдерге саханаға шығуға тыйым салынғандақтын нәзік жандылардың рөлін еректерге ойнауға тура келген. Иранда әйелдер алғаш рет сахнаға 1917 жылы шыққан.
Ал шын мәнісінде атақты сұлтандардың гареміндегі қыздар бірінен-бірі өткен хас сұлу болған. Оған төмендегі әртүрлі кезеңдегі суреттерге қарап көз жеткізе аласыз.
Османдық кәнизак 1890 жыл.
Гаремдегі әйелдер 1912 жыл
Қолына қорқор ұстаған гаремдегі әйел, 1916 жыл
Серуендеуге шыққан гаремдегі әйелдер. Фото Стамбұлдағы Перу музейінен алынған
Көңілдес әйел, 1875 жыл
Гвашемаша Кадин Эфенди, Сұлтан Абдула Хамида II әйелі
Гвашемаша Кадин Эфендидің анасы Геверин Недак Сетенейді әпкесімен қосып 1865 жылы түрік құл саударгерлері Черкесиядан ұрлап әкетіп, сұлтан Абдул-Азиза I гареміне құлдыққа сатқан. Стамбұлға келе жатқан жолда Гевериннің әпкесі күң болғысы келмей, алып кемеден секіріп өледі.
Айта кетейік, герамде аса сұранысқа черкестік әйелдер ие болған. Олар сұлулығымен талай сұлтандардың жүрегін жаулаған деседі.
Француз суретшісі Жан-Леон Жеромнның "Жамылғы үстіндегі черкестік әйел" деген туындысы. Суретші бұл картинаны Стамбұлға 1875-76 жылдары саяхаттап барғанда салған. Ал суретте болжам бойынша Гвашемаштың анасы Недак Сетеней.
Гюльфем Хатун (осман. گلفام خاتون,тур.Gülfem Hatun) — османдық сұлтан Сүлейманның екінші көңілдесі. Шахзада Мұраттың анасы.
Сұлтан гареміндегі ең жас черкес қыз.
Атақты хюрем Сұлтан. Осман империясының сұлтаны ұлы Сүлейманның сүйікті көңілдесі, кейін заңды әйелі болған Роксолана (1502-1558)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1729590-ly-sahzadalardy-dniege-kelgen-garemdegi-kyzdar-syn-mninde-kandaj-bolgan/