Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұрысып қалған ерлі-зайыптылар неліктен бір төсекте ұйықтауы керек?

Жарияланған күні:

Өзара келісе алмай, ұрысып қалған ерлі-зайыптылар міндетті түрде екі бөлек бөлмеге барып түнейтіні құпия емес. Алайда мамандардың айтуынша, күйеуін басқа бөлмеге қуып жіберетін әйелдер бұл қылығымен үлкен қателікке бой алдырады деп хабарлайды comode.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: comode.kz
Фото: comode.kz: UGC

Психологтар ұрыстан кейін күйеуінен бөлек ұйықтайтын әйелдер бұл әрекетімен ажырасуға бір қадам жақын түседі деген пікірді ұстанады.

Қандай жанжал болмасын, сүйіктіңіздің қасына жатып ұйықтау маңыздылығының өз себептері де бар:

  1. Бірге ұйықтау қауіпсіздік пен қорғаныс сезімдерін күшейте түспек. Олар өз кезегінде күйзеліс гормонын азайтады.
  2. Ұрыстан кейін ортақ мәмілеге келудің ыңғайлы уақытын күтпей-ақ, ұйықтар алдында мәселенің шешімін тауып алуға оңтайлы тәсіл - бір төсекте түнеу.
Фото: comode.kz
Фото: comode.kz: UGC

3. Адам организмі үлкен әсерге берілгендіктен оның нашарлауы әбден мүмкін. Организм ішіндегі ісу үрдістерін болдырмас үшін үлкен даудан кейін бірге жату арқылы иммунитетті қуаттандыруға мүмкіндік туады.

4. Бірге ұйықтау - махаббат гормонын күшейтіп, алаңдаушылық сезімін жойып тастауға қауқарлы. Тіпті үлкен ұрыстан кейін де таңертең бақытты болып оянуға әбден болады.

Фото: comode.kz
Фото: comode.kz: UGC

5. Келіспеушіліктен кейін де сүйіктіңіздің қасына келіп жатсаңыз, онымен жыныстық қатынасқа түсуге қарсы еместігіңізді білдіртесіз. Тіпті махаббатпен айналыспасаңыз да, күйеуіңіз таңертең өзі-ақ құшақтап оятқанына таңғалып қаласыз.

6. Зерттеу нәтижесінде ұзақ уақыттық қарым-қатынастағы әйелдер басы бостарға қарағанда тез ұйықтап әрі сергек жүреді. Демек, сүйіктіңіздің қасында ұйықтау - жақсы түстің кепілі болса керек.

Ұрысып қалған ерлі-зайыптылар неліктен бір төсекте ұйықтауы керек?
Ұрысып қалған ерлі-зайыптылар неліктен бір төсекте ұйықтауы керек?: UGC

7. Түн жарымда балалар ата-аналарының қасына келіп жататын жағдайлар көптеп кездеседі. Олар әке-шешесінің ортасына жатып өзіндік қауіпсіздікті сезінеді. Ал егер де сондай сәтте келіп жатпақ болған бала әкесінің жоқтығын көрсе бірден қорғаныс пен қауіпсіздік тапшылығын сезінеді.

Ұрысып қалған ерлі-зайыптылар неліктен бір төсекте ұйықтауы керек?
Ұрысып қалған ерлі-зайыптылар неліктен бір төсекте ұйықтауы керек?: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1731357-rysyp-kalgan-erli-zajyptylar-nelikten-bir-tsekte-jyktauy-kerek/