Ораза кезінде адам организмі қандай өзгеріске ұшырайды? (видео)
Жарияланған күні:
Рамазан айында ауыз бекіткен адамдардың организмінде елеулі өзгерістер орын алады. Ораза ұстағандардың ішкі құрылымын төрт түрлі кезеңге бөліп қарастыруға болады деп хабарлайды NUR.KZ.
Бірінші кезең
Оразаның алғашқы күндері қан құрамындағы қант пен қан қысымының төмендеуі байқалады. Организм тазарту процесін бастағандықтан, ауызы берік адамдарға бірінші апта ауыр болып келеді. Ол кезде бас ауруы мен айналуы, аштық сезімінің ұлғая түсуі аңғарылады.
Екінші кезең
Бұл кезде адам денесі өзгерген күн тәртібіне бейімделе түсіп, ас қорыту жүйесінде тынығып алу мүмкіндігі туындайды. Ол өз күш-қуатын организм тазартуы мен жасушаларды қалыпқа келтіруге жұмсай бастайды. Оған қоса лейкоциттер де асқан белсенділік көрсетеді.
Бұл кезеңде адамның дене мүшелерінің барлығы дерлік қалыптасу үрдісінен өтеді.
Үшінші кезең
Уақыт өте адам энергиясы өсіп, ойлау қабілеті жақсы жұмыс істей бастайды. Қалыпқа келген денсаулық сезімі адам баласының бойына сенімділік ұялата түседі.
Ораза кезінде ағзадағы қалыпқа келтіру үрдістері одан бетер белсенді әрі пайдалы болады. Сонымен қатар, зақымданған барлық жасушалар мен мүшелер жаңартылып, олардың жұмыс жақсылай түседі. Адамның терісінен қажетсіз токсиндер шығып, организм жаңа леп алады.
Төртінші кезең
Соңғы сатыда адамның ішкі құрылымындағы өзгерістер толығымен аяқталып, ағза мүшелері қалыпқа келі үрдістерін тәмамдайды. Оразаға үйреніп қалып күш-қуатты толықтырып алған адам денесі зиянды заттардан тазарады.
Бұл кезеңдер оразаның тек физикалық тұрғыдағы пайдасын айшықтайды. Қасиетті айдың адам баласына берер рухани сауабы одан мың есе артық.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1732330-oraza-kezinde-adam-organizmi-kandaj-zgeriske-syrajdy-video/