Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сән кешінде ел алдына шыққан "жүкті" ер азаматтар жұртты дүрліктірді

Жарияланған күні:

10 маусым күні Лондонда ерлер сән апталығының аясында қытайлық дизайнер Ксандера Чжоудың көрсетілімі өтті. Оның коллекциясын "жүкті" ерлер көрсетті. NUR.KZ порталы Cosmopolitan басылымына сілтеме жасай отырып сән апталығындағы "біртүрлі" ер азаматтардың суреттерін ұсынады.

Фото: бэби.ру
Фото: бэби.ру: UGC

Дизайнер қойылмалы іштерді болашақтың нышаны ретінде қолданған. Оның өзі мен командасы әйелдерден бөлек, ерлер де бала көтере алатындығына сенеді.

"Біз ерлер жүктілігінің болашағын қарсы алуға дайынбыз", - деді Чжоу.
Fotobank / Getty Images
Fotobank / Getty Images: UGC

Fotobank / Getty Images
Fotobank / Getty Images: UGC

Fotobank / Getty Images
Fotobank / Getty Images: UGC

Fotobank / Getty Images
Fotobank / Getty Images: UGC

Fotobank / Getty Images
Fotobank / Getty Images: UGC

Оның бұл ойы әлеуметтік желілерде дау туғызды. Біреулері бұны батыл да ерекше қадам деп есептесе, басқалары қытайлық дизайнердің ойын құптамады.

Ресейлік тележүргізуші Ксения Бородина осы көрсетілімге қатысты өз ойымен бөлісті.

Ксения Бородина. Фото: Рамблер/женский
Ксения Бородина. Фото: Рамблер/женский: UGC
"Бұл не өзі? Подиумның үстінде жүкті еркек кетіп барады. Ал кезінде ерлер қауымы әйелдердің шалбар кигеніне қарсылық танытып еді, ал енді осындай жағдай боп жатыр. Мен бәрін түсінемін: эпатажы бар, басқасы бар, бірақ мынау - шеккен шыққан қадам", - деді ол.

Fotobank / Getty Images
Fotobank / Getty Images: UGC

Тележүргізушінің сөзімен желі қолданушыларының көбі келісті.

"Не деген сұмдық. Жиіркенішті", "Азғындық", "Фуууу қорқынышты", "Жүкті болу - сән қуу ма?", "Өте нашар жағдай" деп оқырмандар пікір қалдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1738212-sn-kesinde-el-aldyna-sykkan-zkti-er-azamattar-zrtty-drliktirdi/