Қыздарға керек кеңес: Жігіттерге ұнау үшін қалай сөйлеу қажет?
Жарияланған күні:
Жақсы сөз – жігіттің жүрегіне жол табатын мықты қару. Қызықты сұхбат құратын адам табу қиын. Сондықтан алғашқы әңгімелесуден кейін-ақ жігітті өзіңізге ғашық ету үшін тиімді 8 кеңесті NUR.KZ порталынан оқи аласыздар.
Жігіттің көңілінен шығуға тікелей әсер ететін 8 пайдалы кеңес:
1. Ауа-райы туралы сөз қозғаңыз
Әдептілік ережелері бойынша кез келген адаммен оңай қарым-қатынасқа түсуге тиімді тақырыптарды атайды. Мәселен ауа-райы, мәдениет, өнер, музыка жіне спорт. Тек қана шектес тыс аысп кетпесеңіз болғаны.
Әсіресе спорт тақырыбы сөз таластыруға әкеп соқтыруы мүмкін. Сондықтан мұндай тақырыптартарда абай болғаныңыз жөн. Одан да ешкімге кері әсер етпейтін уау-райы туралы сөйлесіңіздер.
2. «Қызыл» тақырыптардан қашыңыз
«Қызыл» тақырыптарға дін, саясат, жыныстық қатынас, қаржы немесе денсаулық кіреді. Бұл тақырыптардың қауіпті болу себебі жалпы барлық адамдардың жеке қалыптасқан көзқарасы мен ұстанымы бар. Сондықтан әңгіменің аяғы қызу таласқа әкеліп соқтырмас үшін, бұл тақырыптарды мүлде қозғамаңыз.
3. Өзін-өзі ұстай білу
Кез келген серіктесті әңгіме барысындағы сөзден бөлек ерекше іс-қимылдармен, күлкімен, орынсыз әзілмен ренжітіп алуға болады. Сондықтан сөзге ғана емес, көпшілік ортада өзіңізді ұстай білуге де мән беріңіз.
4. Есімдерді атай бермеңіз
Енді ғана танысқан адаммен сөйлесу барысында таныстарыңыздың атын жиі атап, кезінде уақытты қалай бірге өткізгеніңіз туралы айтудың қажеті жоқ. Себебі адамдар көбінесе біреудің атын айтып, онымен дос болғаны үшін мақтанғысы келеді. Нәтижесінде сізді дұрыс түсінбей қалуы мүмкін.
5. Шала сөйлеу
Сөз барысында шетелдік сөздерді көп қолданып немесе таза бір тілде дұрыс сөйлей алмау да әңгімені тез аяқтап тастауы мүмкін. Сондықтан да реті келсе бір тілде таза сөйлегеніңіз жөн.
6. Қатені жөндеу
Әңгімелесу барысындағы тағы бір өрескел қателіктердің бірі – қатені жөндеу. Кез келген адамның сөзін бөліп, қатесін шығарғаны ұнай бермесі анық. Сондықтан азды-көпті қателіктерге көз жұма қараңыз.
7. Тыңдай білу
Жақсы әңгімеге келістіріп сөйлеу ғана емес, жақсылап тыңдау да әсер етеді. Сұхбаттасушы адамға тек өз ойыңызды жеткізбей, оны да барынша тыңдап, қызығушылық танытып отыруды ұмытпаңыз.
8. Жан-жақты болу
Кез келген адаммен әңгіменің майын тамызғым келеді десеңіз, мәдениет, қоғам және өнердің соңғы жаңалықтарын жібермей оқыңыз. Жан-жақты қызығукшылықтарыңыз болса, сізбен де тіл табысып, ортақ әңгіме бастау оңай
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1742726-kyzdarga-kerek-kees-zigitterge-nau-sin-kalaj-sjleu-kazet/