Айдың толық тұтылуы кезінде қазақстандықтар неден аулақ болуы керек?
Жарияланған күні:
Қазақстандықтар 27 шілдеден 28-не қараған түні ғасырда бір рет қана болатын Айдың толық тұтылу сәтін тамашалай алады. Осы орайда NUR.KZ порталы otyrar.kz сайтына сілтеме жасап, Айдың тұтылуы кезінде қандай әрекеттерден аулақ болу керектігі туралы ақпаратты назарға ұсынады.
Айдың тұтылуы бес сағатқа созылып, толық фаза ұзақтығы 103 минутқа дейін жетеді. Осы уақытта Ай қызыл түске боялуы ғажап емес.
Ғасырда бір рет болатын бұл құбылыс кезінде не істеу керек және неден аулақ болған абзал?
Кей зерттеушілер бұл құбылыс адамдарға кері әсер етіп, түрлі апаттар көбеюі мүмкін екенін алға тартуда. Олардың сөзіне сенсек, Ай тұтылғанда ауа райы жаңбырлы, күңгірт болса, бұл жамандықтың белгісі. Ал ашық болса, керісінше жақсылықтар көбейеді.
Осы тұрғыда мамандар Ай тұтылғанда барынша көңілді болып, жаман ойларды аулақ тастауға кеңес береді.
Бұл кезеңде маңызды істермен айналысып, құжаттарға қол қоюдан аулақ болу керек. Біреуге қарыз беруден және қарыз алудан аулақ болғаныңыз абзал. Бұл кезең ескі жұмыстарды аяқтап, реніштерді ұмытуға қолайлы болмақ.
Ал адам денсаулығына Айдың тұтылуы еш әсер етпейді. Тек көңіл-күй аздап түсуі мүмкін.
Кей эзотериктер Айдың тұтылуы кезінде дәрет алып, ойды барлық жамандықтардан тазартуға кеңес береді.
Сонымен қатар, Айдың тұтылуына үш сағат қалғанда тамақ ішуден аулақ болуға шақырады. Ай тұтылғанда оған ұзақ қарамауға тырысу керек дейді тылсым дүниені зерттеушілер.
Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1744548-ajdy-tolyk-ttyluy-kezinde-kazakstandyktar-neden-aulak-boluy-kerek/