Қайталанбас көркімен әлемді таң қалдырған қазақ қызы туралы не білеміз?
Жарияланған күні:
Ерекше көркімен әлем жұртшылығының таңдайын қақтырған қыз балалар тізімінде алматылық Эльгиза Қаражанова да бар. Ерекше көркімен ел аузында жүрген қыздар туралы қызықты мәліметтерді NUR.KZ порталы назарға ұсынады.
Эльгиза Қаражанова
Алматылық Эльгиза Каражанова 11 жасында халықаралық сұлулық байқауларының жеңімпазы атанып үлгерген. Жеткіншек Princess of the Universe-2017, Little Miss Universe-2016, «Кішкентай Еуразия аруы» (2015) атақтарын иеленді.
"Қыздың басты сұлулығы - мейірімділігі. Жан сұлулығы бірінші орында болу керек", - дейді Эльгиза.
Оқуды, жүзуді, гимнастиканы, хореография мен актерлік шеберлікті қатар алып жүрген сегіз қырлы бір сырлы қыз бүгінде бейнебаянын да жарыққа шығарған. Эльгиза тележүргізуші ретінде де өз күшін сынап көріп жүр.
Нгок Лан Вай
13 жастағы вьетнамдық қыз Нгок Лан Вай әлемнің ең сұлу қызы атанған.
Қыз бала әнші әрі актриса болуды армандайды.
Ольга Фильчагина
12 жасар Ростов облысының тумасы Оля Фильчагина «Мини Мисс России 2017», Mini Princess of Universe-2016, Prince & Princess of the World Russia-2015 атақтарына ие болған.
Қыз бала актерлік қырынан да танылуда, оның өнеріне төреші болған Арнольд Шварценеггердің өзі тәнті болыпты.
Иден Вуд
Сәби кезінен бастап көркімен талайдың таңдайын қақтырған америкалық 13 жасар қыз Иден Вуд 300 шақты сұлулық байқауында жеңіске жеткен.
Анастасия Князева
Ресейде тұратын алты жастағы Анастасия Князеваны жұрт "әлемдегі ең сұлу қыз бала" атап кеткен.
Анастасияны көпшілік француз қызы Тилан Блондоға ұқсатуда. Бүгінде бүлдіршіннің желі парақшасына жарты миллионға жуық адам жазылып үлгерген.
Джэйр
Жақында фотограф Мофе Бамуива өз Instagram парақшасында Джэйр есімді кішкентай қыздың суреттерін жариялады.
Бес жасар арудың қуыршақтай бейнесі желі қолданушыларын таң қалдырып, ағылшын БАҚ өкілдерінің назарына ілінді.
Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1745201-kajtalanbas-krkimen-lemdi-ta-kaldyrgan-kazak-kyzy-turaly-ne-bilemiz/