10 қаңтарға арналған жұлдыз жорамал
Жарияланған күні:
Бүгін жұлдыздар шығармашылықпен айналысуға кеңес береді. Бұл көңіл-күйді көтеріп, ауқымды ойлауға себеп болады. Соның арқасында қаржылық жағдайыңыз жақсаруы мүмкін. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ оныншы қаңтарға арналған жұлдыз жорамалды назарларыңызға ұсынады.
1. Тоқты
Бүгін күннің екінші жартысында ұстамдылық танытыңыз. Кенет сауда жасағыңыз келсе, шектен шықпағаныңыз абзал. Адамдармен көп араласпай, тәуекелге бармаған жөн. Кешке ертерек жатып демалсаңыз дұрыс болады.
2. Торпақ
Бүгін бір орында отырмаған абзал. Таңертең ешқайда шығу мүмкін болмаса, кешкі серуенге міндетті түрде шығыңыз. Негізі өміріңіз өз қолыңызда екенін түсінгеніңіз жөн.
3. Егіздер
Бүгін жоспарларыңыз іске аспай қалуы мүмкін. Көптен бері жүзеге асырып, аяқтауға таядым деген жобаңызды қайта қарауға тура келеді. Бұған қуанбасаңыз да, мәселені жылдам шешуге тура келеді.
4. Шаян
Бүгін жаныңыз жай табады. Көптен бері адамдармен тіл табысу, әсіресе екінші жартыңызбен, қиын болып жүрсе, бүгін бәрі өзгереді. Барлық қорқыныштар мен мұңлы ойлардан арыласыз. Күлімдеп, әзілдеп, сезімдеріңізді білдіресіз.
5. Арыстан
Бүгін істі неден бастап, қалай істеу керегін білмей біраз абдырайсыз. Сондықтан алдын ала жоспар құрып алғаныңыз дұрыс. Жақсы ойлап, ынтаңызды сәл бассаңыз күн әжептәуір сәтті өтеді.
6. Бикеш
Кешке таман ұйқы басып, жабыраңқы көңіл-күйде боласыз. Сондықтан бүгін көп іс тындырасыз деуге болмайды. Дегенмен қол қусырып та, жетістікке жетпейсіз. Сондықтан өзіңізді қолға алуға тура келеді.
7. Таразы
Бүгін жұмысқа зауқыңыз болмайды, сізге салса тіпті бүтін күнді өзіңізге арнауға дайынсыз. Алайда ондай мүмкіндік болса, сұлулық салонына, моншаға, спортзалға немесе сауда орталығына барып, өзіңізді еркелетіңіз.
8. Сарышаян
Бүгін қаржы мәселесіне көңіл бөлген жөн. Жаңа жылды тойлауда көп артық ақша жұмсап қойған болсаңыз, бюджетіңізді қайта қарастырыңыз, әйтпесе айдың соңына дейін жағдайыңыз қиындай түседі.
9. Мерген
Бүгін мансабыңыз бен лауазымыңызға қарамастан адамдарды басқарғыңыз келеді. Бұл, әрине, айналадағы адамдарға жақпайды. Сондықтан тасып тұрған күш-жігеріңізді басқа істерге бағыттаңыз немесе екінші жартыңызды романтикалық асқа шақырыңыз.
10. Тауешкі
Бүгін күнделікті тапсырмаларды оңай орындайсыз. Тіпті басқа нәрсеге алданып кетсеңіз де, істерді сәтті аяқтайсыз.
11. Суқұйғыш
Бүгін мәмілегерлік қабілеттеріңізді оятқан жөн, әсіресе топтық жұмыста. Сіз өз міндетіңізді үлкен жауапкершілікпен жақсы орындайсыз, бірақ ұжым мен басшылықпен жанжал туындамас үшін басқалардың да пікірімен санасқан дұрыс.
12. Балықтар
Бүгін өзіңіздің тәжірибеңізге, біліктілігіңізге, сырт келбетіңізге, ақылыңызға сенімді боласыз. Ең бастысы бұл сенімділік тәкәппарлыққа ұласып кетпесін. Жөнсіз уәде бермеңіз, әйтпесе бұл жеңілтектігіңіз үшін жауап беруге тура келеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1772258-10-katarga-arnalgan-zldyz-zoramal/