Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Туристер Жапониядағы әйелдердің төсіне арналған ғибадатханаға ағылуда

Жарияланған күні:

Жапониядағы Коя-сан тауының бөктерінде орналасқан Кудояма елді мекенінде еш жерде жоқ ғибадатхана тұрғызылған. Тек қана әйел адамның төсіне арналған қасиетті жерге келушілер саны күн сайын артуда. Көпшілік нәзік жандылардың омырауының мүсініне толы ғибадатхананы өз көзімен көруге қызығушылық танытып отыр деп жазады bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Instagram

Буддистердің қасиетті мекеніне айналған ерекше ғибадатханасына Дзисон-ин атауы берілген. Ол Жапонияда асқан танымалдылыққа ие.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Instagram

Сыртынан ғибадатхана басқа діни ғимараттардан ерекшеленбейді. Алайда, ішіне кірген бойда, бірден басқа әлемдегідей сезімде боласыз. Ғибадатхананың қабырғаларында әйел омырауының ағаштан жасалған мүсіндері қаптап тұр.

Сонымен қатар ол жерде нәзік жандылар төсінің мата, поролон, пластик және бояудан да жасалған түрлері де кезедеседі.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Facebook

Бастапқыда Дзисон-ин ғибадатханасы қасиетті Коя-сан тауына кірер есік ретінде салынған. Алайда, бір күні бұл жерге бейтаныс дәрігер келіп, омыраудың қатерлі ісігіне шалдыққан науқасына дұға етеді.

Осы оқиғадан соң, ғибадатханада өзгерістер орын ала бастады. Дәрігер ғибадатханаға әйел төсі ретіндегі сый тартуға рұқсат сұраған. Діни қызметкерлер келісіп, нәтижесінде бұл жерде жаңа дәстүр пайда болды.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Twitter

Дәрігер тарту еткен әйел төсінен кейін елдің түкпір-түкпірінен жұртшылық тартылып, әйел төсінің мүсінін қалдыра бастады.

Кейбір келушілер жеңіл жүктілікті сұрап дұға етсе, енді бірі омыраудың қатерлі ісігінен айыққысы келетінін сұрауда.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Facebook

Дәстүрдің ерекше екені сөзсіз. Бірақ түпкі мағынасы жергілікті халықтың көңілінен шығып отыр. Олар бүгінгі таңда аса күрделі болып отырған мәселеге осылайша мән беріп жатқанын көрсетуде.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Facebook

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Twitter

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1772619-turister-zaponiadagy-jelderdi-tsine-arnalgan-gibadathanaga-agyluda/