35 жылдан бері тек қана сары түсті киім киетін қарияның құпиясы неде?
Жарияланған күні:
Сирияда туып өскен қария осымен 35 жыл бойы тек қана сары түсті киім киіп келе жатыр. 68 жастағы Абу Заккурдің тек бір түсті киім-кешектерді таңдауының өзіндік ерекше себебі бар деп жазады bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Қазіргі таңда қирап қалған сириялық Алеппо қаласының тумасы көпшілікке "сары адам" лақап атымен танымал. Ол 35 жыл бойы тек бір түсті киім киеді.
Ерекше талғамды қарияның хикаясы 1983 жылы 25 қаңтардан бастау алған. Дәл сол күні ол тек сары түсті киімдерге ауысуға шешім қабылдайды. Оның айтуынша, бұл түс ол үшін - махаббаттың белгісі. Оның ескі киімдеріне не болғаны белгісіз, алайда содан бері қария тек бір түстес киіммен жүреді екен.
Абу Заккур сәнді бұйымдар мен аяқ-киімдерді де тек қана сары түстісін таңдап алады. Егерде өзіне қажет болған түсті затты таппаған жағдайда, ол оны бояудың көмегімен сары түске бояп алады.
"Мен үшін сары - махаббаттың түсі. Мен сары түсті киімді 35 жыл бойы шешпей киіп келе жатқан әлемде менен басқа адам жоғына сенімдімін. Мен енді өзімді басқа түсті киім-кешекте елестете алмаймын" , - дейді Абу.
Қарияның Мари ауданында орналасқан пәтерінің іші де сары түсті заттарға толы. Ол сүйікті түсімен өз айналасын да безендіріп қойған.
Алепподағы асқан танымалдылыққа ие болған зейнеткерді кейбір туристер келе салып, іздейді екен.
Азаматтық соғыс бұл қаланы адам танымастай өзгертіп жіберген кезде, Абу Заккур сары түсті киіммен өз махаббатын білдіріп келеді.
2013 жылы Абуды сириялық әскердің қызметкерлері соққыға жығып, оның сары түсті киюінің себебін білмек болған. Закуур оған тек қана осындай түсті киімі бар екенін түсіндіргісі келген. Алайда, әскерилер оны тыңдағысы да келмеген.
"Көшеде, немесе адам көп жерде келе жатқанымда менімен суретке түскісі келетіндер өте көп. Бәрі маған қарап күліп, ерекше көңіл-күйге бөленеді. Көбісі тоқтап, менімен біраз қалжындасып тұрады" , - дейді Заккур.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1773637-35-zyldan-beri-tek-kana-sary-tsti-kiim-kietin-kariany-kpiasy-nede/