Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әдемі бала туу үшін жыныстық қатынас қандай болуы керек?

Жарияланған күні:

Қазақтарда "көңілсізден көріксіз туады" деген мәтел бар. Оның түпкі мағынасы– әрекетін шынайы ниетпен, қалауымен жасамағанның ісі ойдағыдай шықпайды дегенге саяған. Ал тікелей мағынасында мән бар ма? Яғни, көңілсіз жыныстық қатынастан пайда болған ұрпақтың көріксіз болуы мүмкін бе? Осы жөнінде қызықты деректерді Ernur.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ ұсынады.

Көрнекі фото: vplate.ru
Көрнекі фото: vplate.ru: Twitter

Баланың әдемі әрі ақылды болып өсуі туралы калЛипедия атты ғылым бар екен. Оны бүгінгі биолог ғалымдар да қолдайтын көрінеді.

Каллипедия ғылымының заңдылықтары бойынша әдемі әрі ақылды бала туу үшін бірнеше ережелер ұстану керек.

1-ереже – болашақ әдемі баланың ата-анасы сәби құрсаққа бітерден кемінде 3 ай бойы дендері сау, ауырмауы тиіс. Тіпті, тұмаумен де ауырмауы керек.

2-ереже – сол 3 ай ішінде барлық дәрі-дәрмектен түбегейлі бас тарту керек, сондай-ақ жаман әдеттерден де...

3-ереже – түнгі ауысымда жұмыс істеу, стрестік жағдайлар мен жүйке жұқартатын жұмыстардан да аулақ болуы тиіс. Мүмкін болса, сол 3 айда тыныққаны жөн.

4-ереже – бала көтеруді жоспарлаған түнге дейінгі 3 күнде жыныстық қатынаста болмауы қажет.

5-ереже – бала құрсаққа бітетін сәт – таңғы уақыт болуы керек.

6-ереже – бала көтеретін ең ыңғайлы мезгіл – көктем.

7-ереже – жыныстық қатынасқа түсетін жатын жайдың интерьері керемет әсер сыйлайтындай болуы тиіс. Әдемі картиналар, ашық та қанық түстер, жұпар иіс, төсектің таза әрі жұмсақ, денеге жағымды болуы жоғары рөл ойнайды.

8-ереже – каллипедия ғылымында теңіз жағасында, әлемнің ең әдемі жерлерінде бойға біткен шарананың сұлу боларына кепілдік берілетін көрінеді.

Одан бөлек, ғылым дерегі бойынша бір-бірін шын сүйетін адамдардың балалары әдемі болады.

  • Әйелдің бойына бала бітуі үшін жыныстық қатынаста ләззат, аса құмарлық болуы керек;
  • Баланы жоспарлаған еркек пен әйелдің бір-бірін шын сүюі, бір-біріне қалаулы болуы оның сұлу болып туылуында маңызды рөл атқарады;
  • Жыныстық қатынасқа түсерде айналаны да әдемілікке толтырған дұрыс;
  • Жүкті болған әйелдің де жүрген жері әдемі болуы керек;
  • Бастысы – денсаулықтың мықты болуы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1773906-demi-bala-tuu-sin-zynystyk-katynas-kandaj-boluy-kerek/