"Төрт млрд теңге": Алматының топ-5 қымбат зәулім үйлері қандай?
Жарияланған күні:
Бүгінде еліміздің оңтүстік астанасының тұрғын үй нарығы тұтынушыға алуан түрлі таңдау ұсынады. Алматының жылжымайтын мүлік нарығына арнайы талдау жүргізген NUR.KZ krisha.kz сайтына сілтеме жасап, назарларыңызға Алматы қаласының ең қымбат зәулім үйлер бестігін ұсынады.
Оңтүстік астананың ең қымбат зәулім үйлер бестігін Наурызбай ауданында орналасқан 10 бөлмелі жекежай бастады. Оның құны 4 миллиард теңгеге бағаланған.
1500 шаршы метр ауданды қамтитын үй кірпіштен 2017 жылы тұрғызылған.
Екінші орынды Медеу ауданындағы жеті бөлмелі үй иеленді. Ол да 1500 шаршы метр ауданды алып жатыр. Бұл үй 3 220 000000 теңгеге бағаланған.
Үшінші орынға Әуезов ауданындағы бес бөлмелі жекежай жайғасты. Оның бағасы 2 278 774 560 теңге.
Бір ерекшелігі бұл үй 1974 жылы тұрғызылған. Үй иесінің сөзінше, жылжымайтын мүлік бизнес үшін немесе жалға беруге арналған.
Төртінші орында 3200 шаршы метр ауданды алып жатқан 15 бөлмелі үй орналасты. Оның құны 2 240 000 000 теңгеге бағаланған.
Зәулім үй 2002 жылы тұрғызылыпты. Аулада үш жекежай орналасқан. Тіпті отбасылық шаралар өткізуге арналған салтанат үйі мен арнайы фитнес орталығы да бар.
Ең қымбат үйлер бестігін 2 093 000 000 теңге тұратын 11 бөлмелі жекежай аяқтайды. Медеу ауданында орналасқан үйдің ауданы 1200 шаршы метр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1774680-trt-mlrd-tege-almatyny-top-5-kymbat-zulim-jleri-kandaj/