Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жалқаулықты қалай жеңуге болады?

Жарияланған күні:

Жалқаулық жас талғамайды. Ол барша адамзат баласына тән қасиет. Алайда, кейбірі оны еңсеріп жатса, енді бірі керісінше еріншектікке салынып кетіп жатады. Алайда, бұл жалқаулыққа бой алдырған адамның өмір бойына сол қалпында қалатынын білдірмейді. Қазіргі қоғамда кең таралған жағымсыз қасиетті жеңіп шығудың да өз жолы бар деп жазады everydayme.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: chefpovar.su
Фото: chefpovar.su: Facebook

Әдетте, жалқау адамдардың ісі өнбей, жанұясы мен жұмысында да абыройдан айырылып қалады. Оған қоса, асқан еріншектік танытқандар кейіннен өз әрекетсіздігі үшін мың сылтау айтып, өтірікші деген атаққа ие болып жатады.

Мұндай жағдайды болдырмас үшін жалқаулықтан құтылудың ең оңтайлы амал-тәсілдерін назарларыңызға ұсынамыз.

  • Бірінші қадам. Алдымен жалқаулықтың туындаудың себептерін анықтау қажет.

Олар алуан түрлі болуы мүмкін. Алайда, ең кең тараған себеп-салдары ретінде құлшыныстың жоқтығы, қатты шаршау мен құлдырау қорқынышы.

- Көпшілігіміз өзімізге ұнамайтын жұмысты істегіміз келмесе, мың түрлі сылтау ойлап табамыз. Яғни, өзін жан-тәніңмен істегің келмейтін нәрсені жасаудан қашқан жөн. Себебі оны арқасында жалқаулық та туындайды;

- Жалқаулықтың пайда болуына қатты шаршау ад әсер етеді. Әдетте, физикалық және рухани тұрғыда қажыған адамға жұмыста жүре бергеннің орнына үлкен демалыс керек.

- Құлдырау қорқынышы жалқаулықты тудыратын нағыз басты себеп. Адамзат баласы өз ісінің нәтижелігіне сенбеу арқылы оны жүзеге асыруға да талпынбайды. Мұндайға көбіне өзіне сенімсіз әрі ұяң адамдар бейім. Неғұрлым құлдырау жайлы көп ойлансақ, уақытымыз тапшы болмақ. Ал уақыттың азаюы құлдыраудың шынымен орын алуына үлкен мүмкіндік болады.

  • Екінші қадам. Уақытылы шектеу қоя білу керек.

Біз әрбір іске қанша уақыт кететінін білген кезде анағұрлым белсенді жұмыс істей бастаймыз. Тіпті, сізде нақты мерзім болмаса да өзіңізге: "мен бұны 15:00-ден 17:00 аралығында аяқтауым тиіс" деп айтыңыз.

  • Үшінші қадам. Жаман іс - таңғы уақытқа.

Бұл нағыз кең тараған әрі нәтижелі техника. Өзіңізге аса жағымсыз болып танылған істердің барлығын таңғы уақытта жасап тастаған жөн. Сол кезде, басқа жұмыстар сізге тым қарапайым болып көрінбек. Оған қоса, жаныңызда да тыныш болмақ.

  • Төртінші қадам. Бастысы - бастау.

Барлық сылтауларды шетке ысырып, жұмысты тез бастап кеткен абзал. Бұл ең қарапайым кеңестердің бірі болу мүмкін. Алайда, ең тиімдісі.

  • Бесінші қадам. Үлкен мәселені кішкентай топтарға бөлу.

Үлкен іс тапсырылғанда оны қалай істеймін деп әбігерге түсіп жататын кездер әркімнің басынан да өткен. Оны істеуден қашып кеткенше, мәселені уақытты аз алатын кішкентай бөліктерге бөліп жасаған дұрыс.

  • Алтыншы қадам. Өзіңді мақтай біл.

Бірер күннен соң демалысқа кететін болып шешсеңіз, бұған дейін жұмысты қаншалықты тиянақты әрі белсенді атқарғаныңызды еске алыңыз. Нәтижеге жету арқылы өзіңізді қуантудың амалын қарастыруды ұмытпаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1774838-zalkaulykty-kalaj-zeuge-bolady/