Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзгерістер, машақат, ақша: түсіңізде жүкті екеніңізді көру нені білдіреді

Опубликовано:

Жүкті келіншек
Қызыл көйдек киген жүкті әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Түс ежелден бері адамзатты қызықтыратын құбылыс. Кейде адам өміріндегі өзгерістер түс арқылы аян болып беріліп жатады. KAZ.NUR.KZ түсіңізде жүкті екендігіңізді көргенде қалай жору керегін назарыңызға ұсынады.

Tuszhoru.kz сайтындағы жазбаны негізге алсақ, әйел түсінде жүкті екенін көрсе, бұл жақын арада оның өмірінде өзгерістер болатынын білдіреді.

Егер түсіңізде босанған болсаңыз, сізді қуанышты хабар мен алда шынымен құрсақ көтеру мүмкіндігі күтеді.

Ал тұрмысқа шықпаған бойжеткен осындай түс көретін болса, ол арын сақтап, беделін түсірмейтін әрекеттер жасау керек екенін білдіреді.

Алайда түсіңізде басқа әйелдің жүкті екенін көрсеңіз, бұл өміріңізде бақталас пайда болғанынан ескертеді. Ал осындай түсті ер адам көрсе, біреудің оған қастық ойлап жатыр деген сөз.

Сонымен қатар таныс әйел түсіңізге кірсе, бұл түс көп ұзамай біреумен ренжісетініңізден хабар береді.

Исламдық түс жору кітабы

Исламдық түс жору кітабы бойынша әйелдің түсінде жүкті екенін көруі нені білдіреді? Исламдық түс жоруға сүйенсек, мұндай түсті жан-жақты болжаған. Мысалы:

  • Егер бойдақ жүрген қыз түсінде жүкті екенін көрсе, онда жақын арада тұрмысқа шығады.
  • Ал жасы ұлғайған әйел түсінде жүктілігін көрсе, онда қандай да бір дерттің алдын алу керегін ескертіп тұрған болуы мүмкін.
  • Әйел түсінде жүктілігінің ауыр өтіп жатқанын көрсе, онда күйеуінің тарапынан әділетсіздік болуы ғажап емес.

Фрейдтің түс жору кітабы

Фрейдтің түс жору кітабы бойынша жүктілік туралы түс нені білдіреді? Психоаналитик Фрейд әйелдер үшін мұндай түс жақын арада жүктілік кезеңінің басталатынын білдіреді деп санайды. Егер адамның жеке өмірі шым-шытырық болса, бұл түс қазіргі жұбымен қош айтысып, өзіне лайықты адаммен кездесетінін білдіреді.

  • Бойдақ қыз түсінде жүкті екенін көрсе, өмірде сүйіктісін табады.
  • Егер жас қыз түсінде өзін жүкті күйінде көрсе, оның сенімін пайдаланып, алдағысы келетін адамдар бар екенін біліп жүруі керек.
  • Жүкті әйелдің көшеде жүріп бара жатқанын көру қандай да бір жайсыз жайттардың болуы мүмкін екенін білдіреді.

Нострадамустың түс жору кітабы

Нострадамустың түс жору кітабы бойынша түсіңізде жүкті әйел көру нені білдіреді? Егер түс көрген әйел әзір балалы болғысы келмесе, не болмаса ер адам түсінде әйелінің жүктілігін көрсе, бұл сізден аздап шығын шығатынын, кішігірім мәселелер мен күнделікті тірлікте көңілсіздік болатынын білдіреді. Ал түсінде басқа бір әйелдің жүктілігін көрсе, жақын арада сол адамнан біреулер қарыз сұрайды деген сөз.

  • Жүктілік, босану сәтін көру – өзгерістердің белгісі.
  • Өз үйіңізде басқа жүкті әйелдің жүргенін көру – күнделікті машақат.
Қос ұстасқан жұп
Кішкентай баланың аяқ киімін ұстап тұрған ер мен әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Лоффтың түс жору кітабы

Лоффтың түс жору кітабы бойынша түсінде жүкті әйел көру нені білдіреді? Ол мұндай түсті шығармашылық шабыттың, материалдық әл-ауқаттың және сәттіліктің нышаны деп санайды. Ізінен көп жігіт сөз салып жүрген қыз түсінде жүкті әйел көрсе, оның ана болу мүмкіндігі жоғары.

Лоффтың түс жору кітабында мұндай түстің басқа да түсіндірмелері бар:

  • Бәсекелесіңіздің жүкті екенін көру ажырасуды білдіреді.
  • Түсінде дәрігердің жүктілігіңіз туралы айтуы өсек-аяңды білдіреді.

Лоффтың айтуынша, мұндай түсті өзін әдемі санамайтын сенімсіз адамдар көреді екен. Сондықтан ішкі қобалжуын түсінде көреді.

Ванганың түс жору кітабы

Ванганың түс жору кітабы бойынша жүктілік туралы түс нені білдіреді? Ванга мұндай түсті ерлі-зайыптыларға қуаныш әкеледі деп болжаған. Ал тұрмыс құрмаған әйелге қиындық тудырады дейді. Егер бойдақ қыз осындай түс көрсе, жақын арада оның өмірінде бақытты сәттер, оң өзгерістер болады.

Ванга жүктілікке қатысты түсті былай түсіндіреді:

  • Өзіңіздің жүкті екеніңізді көру егіздердің туатынын білдіреді.
  • Белгісіз жүкті әйелді көру – ақшалай сый.
Жүкті әйел
Жүрек пішінін ұстап тұрған жүкті әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Миллердің түс жору кітабы

Миллердің түс жору кітабы бойынша неліктен түске жүкті әйел кіреді? Бай адам үшін мұндай түс шамадан тыс шығындар болатынының белгісі, ал кедей адам үшін – сәттілік пен күтпеген жерден келетін пайда.

Егер жүкті құрбыңыздың босанатын кезі жақындағанын көрсеңіз, қомақты ақша күтіңіз. Миллердің түс жору кітабы мұндай түске мынадай түсіндірме береді:

  • Тұрмысқа шықпаған қыздың түсінде өзінің жүкті екенін көруі біраз мәселе мен ұятты жағдайларды білдіреді.
  • Жүкті емес әйелдің түсінде аяғы ауыр екенін көруі жұбайымен қарым-қатынасындағы келіспеушіліктерді білдіреді.

Көп жағдайда жүктілік туралы түс жақсылықтың болатынын білдіреді, ал кейбірі қиындықтар немесе ауру туралы ескертеді. Басқа жағдайларда бұл жақсы белгі саналады. Ең бастысы қандай түс көрсеңіз де, жақсыға жору керегін ұмытпаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1774858-tsiizde-zkti-ekeniizdi-kru-neni-bildiredi/