Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түсіңізде су көру нені білдіреді?

Жарияланған күні:

Түс ежелден бері адамзатты қызықтыратын құбылыс. Кейде адам өміріндегі өзгерістер түс арқылы аян болып беріліп жатады. Tuszhoru.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ түсіңізде су көргенде қалай жору керегін назарыңызға ұсынады.

v-kosmose.com
Көрнекі фото:v-kosmose.com: Facebook

Адамның түсіне су кіруі өзгерістің, жаңа ұмтылыстың, қиындықты шешудің, жаңарудың жəне алға басудың белгісі.

Таза су көрсеңіз дəулет пен ләззатқа бөлену ықтималдығы жоғары деген сөз. Ал су лай болса, қуаныштың орнын өкініш басады.

Түсіңізде үйіңізді су басса – зұлымдықпен күресесіз, су кете бастаса – қауіпті ықпалға берілесіз.

Ылғалды жермен жүріп, аяғыңыздың су болуы– бақытсыздық жайында ескертеді. Қиын мәселелерді шешуге итермелейтін сəтсіздік, кедейлік жəне ауру туралы баяндайды, бірақ сақтығыңыздың арқасында бұл тығырықтан шығуыңыз мүмкін екенін хабарлайды.

Кемені басқан лай су да осы мағынада.

Лай суға құлау көптеген қателіктер жіберіп, соған өкінетін боласыз деген сөз.

Түсіңізде кір суды ішсеңіз өңіңізде ауруға шалдығасыз, ал таза суды ішу – өміріңіздің жаңаратындығы. Үміт артқан ең күрделі істердің оң аяқталатындығын білдіреді.

Суда спортпен айналысу – кенет махаббаттың оянуы.

Басыңызға су тамшылары тисе, махаббатыңыздың ашылып, баянды болады деген сөз. Ал шелектеп су төгілсе, қарсыласуға келмейтін ықпалдың астында қалатындығыңыз.

Суға бату – істердің өз ретімен жүруіне қарсыласу, нәтижесінде денсаулықты құртып, өмір жасын қысқарту.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1775365-tsiizde-su-kru-neni-bildiredi/