Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

31 қаңтарға арналған жұлдыз жорамал

Жарияланған күні:

Бүгін асықпаған дұрыс. Сезімдеріңізді бақылауда ұстап, ешкіммен ұрсыспаған жөн. Ішкі түйсігіңізге құлақ асқан абзал. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ 31-ші қаңтарға арналған жұлдыз жорамалды назарыңызға ұсынады.

gs.by
Көрнекі фото:gs.by: Facebook

1. Тоқты

Бүгін сүйікті ісіңізбен айналыспасаңыз да, өзіңіз жақсы білетін шаруамен айналысқан абзал. Қаламаған істі аяқтауға өзіңізді мәжбүрлесеңіз де, еш нәтиже шықпайды.

2. Торпақ

Бүгін ішіңіздегі ренішіңіз артады, сондықтан сезімдеріңізді ауыздықтап, сабырлы болуға тырысыңыз. Осылайша өзіңізді қажетсіз кикілжіңнен қорғап, жақындарыңызға қамқорлығыңызды көрсетесіз.

3. Егіздер

Маңызды шешім немесе біреулердің талаптарына жауап беруге келгенде бүгін біраз абдырап қалатын боласыз. Бірақ жаныңыз қалаған іспен айналыссаңыз күніңіз сәтті өтеді.

4. Шаян

Салауатты өмір салтын ұстану әрдайым пайдалы. Бірақ бүгін сізде ерекше құлшыныс оянып, жаман әдеттеріңізден арылуыңыз мүмкін. Алайда маңызды өзгерістерді кейінге қалдырған жөн.

5. Арыстан

Бүгін жаныңызға жайсыздық әкелетін адамдармен араласпаған дұрыс. Ішкі түйсігіңізге құлақ асыңыз. Өмірлік қуатыңызды мәнсіз әңгіме мен өсекке сарп етудің қажеті жоқ.

6. Бикеш

Бүгін отбасыңызбен көбірек уақыт өткізесіз. Жұмысыңызды кішкене шегере тұрсаңыз ештеңе етпейді. Бүгін асықпаған жөн, сонда көп мәселені шеше аласыз.

7. Таразы

Бүгін сіз үшін күрделі күн, бірақ уайымға салынудың қажеті жоқ. Қорықпаңыз, ауыр, ренжітетін сөздерді жүрегіңізге жақын қабылдамасаңыз, күн едәуір жақсы өтеді.

8. Сарышаян

Бүгін адамдармен тіл табысуыңыз қиындайды. Мұның себебі қырсықтығыңыз. Әркімнің жеке пікірі бар екенін қабылдағыңыз келмейді, сондықтан орынсыз шу шығарасыз. Өзіңіздің де, басқалардың да көңіл-күйін түсірмес үшін ымыраға келуді үйреніңіз.

9. Мерген

Ақшаны байқап жұмсаңыз, қажетсіз шығындар болуы мүмкін. Мұндай келеңсіздіктен өзіңізді қорғау үшін барлық ақшаны қалтаңызға салып жүрмеңіз.

10. Тауешкі

Бүгін өзіңізді тұрақты және сенімді сезінесіз. Үйреншікті шаруалармен айналыссаңыз күн белсенді, әрі тиімді өтеді. Басқалармен араласқанда мейірімді және сабырлы болыңыз.

11. Суқұйғыш

Бүгін жаныңыз өзгерістерді қалайды. Бірақ айтарлықтай өзгерістер енгізуге әлі ерте. Сондықтан диетаға отырып, спортпен шұғылданыңыз. Соның өзі серпіліс береді.

12. Балықтар

Бүгін сіз үшін қолайлы күн болады. Жаныңыз қалаған істермен айналысыңыз. Тек өсек айтпаңыз. Көптен бері татуласа алмай жүрген адамыңыз болса, бүгін алғашқы қадам жасау үшін өте қолайлы күн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1775966-31-katarga-arnalgan-zldyz-zoramal/