Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түсіңізде табыт көру нені білдіреді?

Жарияланған күні:

Қорқынышты түстердің шынайы өмірдегі мағынасы әдетте мүлде өзгеше болады. Мысалы, түсіңізде табыт көру естеліктерден арылу керегін ескертеді. Еnigma-project сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ табыт көрген түсті қалай жору керегін назарыңызға ұсынады.

Түсіңізде табыт көру нені білдіреді?
Көрнекі сурет: Еnigma-project.ru: Facebook

Егер түсіңізде үйіңізден табыт табылып, іші бос болса, онда күйзеліске ұшырап, жұмысыңыз жүрмейді деген сөз. Ал егер ішінде мүрде жатса, онда жақындарыңызбен үлкен жанжал болады.

Жерлеу рәсіміне барып, марқұм жайында айтылған жағымсыз сөздер естісеңіз, онда көршілеріңізбен араздық пайда болып, бастығыңыз сізге сөгіс жариялайды.

Түсіңізде сізге табыт сыйласа, онда сүйіктіңізбен айырылысасыз.

Ал табытты өз қолыңызбен жасап шығарсаңыз, әрекеттеріңізбен өзіңізге дұшпан табасыз дегенді білдіреді.

Жерлеу рәсіміне қатысып, өзіңізді жерлеп жатқанын көрсеңіз, онда дереу өмір салтын өзгерту керек.

Табытты зиратқа өз қолыңызбен апарсаңыз, жақындарыңызды әуреге салатын қателік жасайсыз. Табыттың үстіне топырақ шашсаңыз, онда мұндай түс көп ұзамай өміріңізде қайғылы жағдай болатынын ескертеді.

Түсіңізде табыттың ішінде мәйіт жатса, өміріңізде қиындықтар басталып, жақын адамыңызбен айырылысасыз деген сөз.

Дегенмен түсті талқылаған кезде табыт ішінде кім жатқанына да мән берген жөн.

  • Досыңыз - сәттілік, неке тойы;
  • Құрбы - сәтсіз неке;
  • Қызыңыз - қуаныш, жақсы хабар;
  • Бауырыңыз - жолыңыз болады;
  • Әкеңіз - табыс табасыз;
  • Ана - сәтсіздіктер;
  • Жұбайыңыз - ісіңіз сәтсіздікке ұшырайды;
  • Күйеу - үйге табыс кіреді;
  • Бұрынғы сүйікті - өткенмен біржолата қоштасасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1788115-tsiizde-tabyt-kru-neni-bildiredi/