18+: Ислам діні бойынша төсек қатынасы кезінде не істеуге болмайды?
Жарияланған күні:
Табиғат заңдылығы саналатын жыныстық қатынас – тіршіліктің егіз ұғымы сияқты. Дегенмен, Ислам дінінде "көрпе ойынында" тыйым салынған бірқатар шектеулер бар деп жазады "Анабол" сайты.
1. Жыныстық қатынас кезінде аяқты Құбыла жаққа қарату жағымсыз әрекет болып табылады.
2. Егер бөлмеде Қасиетті Құран болса, оны бір затпен жапқан жөн.
3. Жыныстық қатынасты жалаңаш күйде, яғни көрпемен немесе төсек жаймасымен жамылмаса макрух болады. Пайғамбарымыз (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) айтады: «Кімде-кім араларында әйелдерімен жыныстық қатынасқа түссе, бірнәрсемен жамылсын. Жабайы есектерге ұқсап, жалаңаштанбаңдар»
4. Қатынас кезінде сөйлесу, күлу және дауысты көтеруге тыйым салынады. Себебі бұл нәрсе қатынастағы ләзатты азайтады.
5. Жыныстық қатынас кезінде бір-бірінің жыныс мүшелеріне қарауға болмайды.
6. Ер адам жыныстық қатынасты әйелі толық қанағаттанша жалғастыру керек, яғни спермасын барынша ұзақ уақыт шығармау керек. Ер адам әйелін қанағаттандыру үшін қолынан келгенін істеу керек.
7. Қатаң түрде бөтен адамдарға жұбайлар арасындағы сырларды айтуға тыйым салынады.
8. Сырқат кезінде жыныстық қатынасқа түсуге болмайды.
9. Жыныстық қатынас жануарлар немес бөтен адам көзінше істеуге тыйым салынады.
10. Дәретке қысылғанда жыныстық қатынасқа түсуге болмайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1791789-18-islam-dini-bojynsa-tsek-katynasy-kezinde-ne-isteuge-bolmajdy/