Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ростов маңындағы тұрғын үйде жарылыс болды: қаза тапқандар бар

Опубликовано:

Ресейдегі Ростов облысына қарасты Каменск ауданында тұрғын үйде жарылыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша оқиға салдарынан екі адам қаза тапты деп хабарлайды ресейлік төтенше жағдайлар министрлігінің өңірлік басқармасына сілтеме жасаағн KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ресей ТЖМ
Фото: Ресей ТЖМ: UGC

Төтенше жағдай 12 мамырға қараған түні Ленина көшесінің бойында орын алған.

Алдын ала мәлімет бойынша, газ жарылысының нәтижесінде көппәтерлі үйдің шатыры құлап түсткен. Тұрғын үйде 16 пәтер бар болып шықты.

Оқиға орнында құтқарушылар ер адамның мәйітін анықтады. Ол әлі де үйіндінің астында жатыр. Оған қоса, тоғыз жасар қыз да жарылыстың құрбаны болды. Ол жедел жәрдем көлігінің ішінде қайтыс болған.

Фото: Ресей ТЖМ
Фото: Ресей ТЖМ: UGC

Зардап шеккендердің бірі ауруханаға жеткізілді. Тағы бір әйел адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Ресейлік төтенше жағдайлар министрлігі уйдің құлау қаупі бар екенін хабарлады. Жақын арада үй толық тексерістен өтетін болады.

Құтқарушылар әлі де оқиға орнында жұмыс істеуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1793444-rostov-mayndagy-trgyn-jde-zarylys-boldy-kaza-tapkandar-bar/

pixel