Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлы Отан соғысы кезінде айрылысқан ғашықтар 75 жылдан кейін қайта қауышты

Опубликовано:

Ұлы Отан соғысы кезінде 18 жастағы Жанин Пирсонға ғашық болған америкалық сарбаз Кейти Роббинстың хикаясы шынайы махаббаттың дәлелі. Қос ғашықты тағдыр айрылыстырып, олар 75 жылдан кейін қайта кездесу бақытына ие болды. Мedialeaks.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ бұл ерекше хикаяны назарларыңыіызға ұсынады.

Ұлы Отан соғысы кезінде айрылысқан ғашықтар 75 жылдан кейін қайта қауышты
Фото:medialeaks.ru Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Facebook

Ұлы Отан соғысы жылдары Францияға келген Роббинс киімін жуатын адам іздейді. Сөйтіп, тағдыр оны Жаниннің анасына жолықтырады. Ол көмектесуге келіседі. Сөйтіп, сарбаз бен бойжеткеннің арасында сезім пайда болады. Алайда екі айдан кейін Роббинс қызмет бабымен Шығыс майданға аттануға мәжбүр болады.

Ұлы Отан соғысы кезінде айрылысқан ғашықтар 75 жылдан кейін қайта қауышты
Фото: medialeaks.ru: Facebook
"Мен оған мүмкіндік болса, келіп оны алып кететінімді айттым", - деп еске алды Роббинс.

Бойжеткенге айырылысу ауыр соққы болып тиді. Жанин сүйіктісінің оралуын ұзақ күткен.

Ұлы Отан соғысы кезінде айрылысқан ғашықтар 75 жылдан кейін қайта қауышты
Фото: medialeaks.ru: Twitter
"Ол жүк көлігіне мініп, кеткенде мен жыладым. Оның Америкаға емес, маған оралғанын қаладым", - деді Жанин.
Ұлы Отан соғысы кезінде айрылысқан ғашықтар 75 жылдан кейін қайта қауышты
Фото: medialeaks.ru: Twitter

Соғыс аяқталғаннан кейін Жанин сүйіктісі оралады деген үмітпен ағылшын тілін үйрене бастаған. Алайда Роббинс бірден Америкаға оралған.

Отанына оралған жігіт Лилиан есімді бойжеткенмен танысып, оған үйленген. Олар бірге 70 жыл бойы бірге тұрған. Ерлі-зайыптылар Миссисипиде тұрмыстық техника дүкенінде 50 жыл бойы еңбек еткен. 92 жасқа толғанда жұбайы Лилиан қайтыс болыпты.

Жанин де қайта ғашық болып, 1949 жылы тұрмысқа шыққан. Ол некеден оның бес баласы бар екен.

Ұлы Отан соғысы кезінде айрылысқан ғашықтар 75 жылдан кейін қайта қауышты
Фото: medialeaks.ru: Facebook

Алайда Роббинс француздық аруды жүрегінен шығармай, оның суретін бірнеше жылдар бойы сақтап келген. Француздық журналистер АҚШ-тың ҰОС ардагерлері жайлы жазуға келгенде, ол сүйіктісінің суретін көрсетіп, оны табу үшін Жаниннің туған ауылына барғысы келетінін айтқан. Дегенмен арада 75 жыл өткенін ескерген Роббинс сүйіктісі өмірден озған шығар деп топшылаған.

Ұлы Отан соғысы кезінде айрылысқан ғашықтар 75 жылдан кейін қайта қауышты
Фото: medialeaks.ru: Facebook
"Оны ешқашан көрмеймін", - деді Роббинс.

Алайда журналистер зерттеу жүргізіп, Жанинді Мозель елді мекенінен 40 шақырым жердегі Монтиньи-ле-Мец қарттар үйінен анықтаған.

- "Ол тірі және сізді күтіп жүр", - деді олар ардагерге.
- "Қалжынсыз!", - деп айғайлады Роббинс.
Ұлы Отан соғысы кезінде айрылысқан ғашықтар 75 жылдан кейін қайта қауышты
Фото: medialeaks.ru: Twitter
- "Мен әрдайым сені сүйдім. Жүрегімнен шығарған емеспін", - деді Роббинс Жанинге.
- "Ол мені сүйетінін айтты. Солай түсіндім", - деді Жанин тілшілерге.
Ұлы Отан соғысы кезінде айрылысқан ғашықтар 75 жылдан кейін қайта қауышты
Фото: medialeaks.ru: Facebook

Роббинс бірнеше онжылдық бойы сақтаған суретін көрсеткенде Жанин қатты таңырқады.

Осылайща ардагер араға 75 жыл салып, сүйіктісіне сезімдерін қайта білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1799914-ly-otan-sogysy-kezinde-ajrylyskan-gasyktar-75-zyldan-kejin-kajta-kauysty/

pixel