Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Душанбеде үш жасөспірім алты жасар қызды жағып жіберген

Опубликовано:

Душанбеде үш жасөспірімнің балалығынан кішкентай қыз зардап шекті. Оқиған кейін үш күн өткен соң құқық қорғау органдары күдіктілерді ұстады деп хабарлайды Радио Азаттыққа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com: UGC

Зардап шеккен балақай денесінің 65%-ын күйік шалған. Қыз қалалық №3 ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Іс материалдары прокуратураға жіберілді. Қазіргі уақытта қылмыстың мән-жайы баспасөзде белгісіз болып отыр.

Жантүршігерлік оқиға 19 маусым күні Сино ауданында болды.

"Фараж" ақпараты бойынша, елордадан бес километр жерде кәмелет жасқа толмаған үш бала үйдің жанында басқа балалармен ойнап жүрген кішкентай қызды қоршауға байлап, жағып жіберген.

Қыздың әкесі Шерзод Зулфонов журналистерге ауыр қылмысты ата-анасының қарауынсыз жүрген көрші ауылдың балалары жасағанын айтты.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қыздың ата-анасына көңіл айтты.

Сонымен қатар, ол денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министріне зардап шегушіге қажетті барлық медициналық көмекті жеке бақылауға алуға нұсқау берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1801168-dusanbede-s-zasspirim-alty-zasar-kyzdy-zagyp-zibergen/

pixel