Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыздардан қалыспай боянатын әлемге әйгілі ер адамдар кімдер?

Жарияланған күні:

Осыдан жиырма жыл бұрын әлдекім ер адамдардың қыз-келіншектерден қалыспай баоянатынын айтқанда ешкім сене қоймас еді. Алайда, қазіргі таңда батыстағы әрбір төртінші бьюти-блогер ер азамат болып табылады. Осыған орай, bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ назарларыңызға танымал актер, әнші, шоумен және тіпті кәсіпкерлер арасында макияждың қыр-сырын меңгеріп, батыл образдарға құмарланып кеткен ер адамдар топтамасын ұсынады.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Facebook

Дэвид Боуи

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Facebook

Боуи заң бойынша ерлер макияжының негізін қалаушы деп атауға болады. Аңыз әнші 70 жылдардың өзінде Зигги Стардаст образында ел алдына шығып жүрген. От түстес шаш пен беті басы жұлдыздарға толы сол кезеңнің хиты болған. Бүгінгі күннің бет әрлеушілері оны әлі күнге дейін қолданып келеді.

Бой Джордж

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Twitter

Бой Джордж ерлер макияжының әлемінде Дэвид Боуи іспетті аңыз адам болып саналады. Алайда, егерде Боуи боянуды тек қана өнер аясында қабылдаса, Джордж әйелдер макияжына таңдау жасаған. Ол көзін ашық түстермен бояғанды жақсы көретін.

Джаред Лето

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Instagram

Бұл актер 2000 жылдары нағыз рок жұлдыз болған. Шашын апта сайын бояп, сахнаға макияжсыз шықпайтын. Алайда, қазір ол бояуға деген қызығушылық ұмытқандай. Бүгінде көпшілік Джаред Летоны нағыз сәнқой жұлдыз деп санайды.

Джеффри Стар

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Twitter

Осыдан он жыл бұрын Джеффри Старды ешкім менсібейтін. Көпшілік жасанды шаш пен кірпік жалғап, қатты боянатын жігітті жиі сынға ұшырататын. Ал бүгінде ол сұлулық әлеміндегі беделді тұлғалардың біріне айналды. Оның өзінің жеке косметикалық бренді бар. Оған қоса, Джеффри әлемнің миллионерлері қатарына кіреді.

Павел Петель

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Twitter

Жарқын образды жанындай жақсы көретін тағы бір танымал тұлға Павел Пеетель. Ол желідегі оқырмандарын үнемі таңғалдырып тұрады.

Джеймс Чарлз

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Instagram

Күллі әлемге Instagram арқылы танылған жігіт бар-жоғы 19 жаста. Ол өзінің парақшасында көптеген макияж түрлерін паш етіп, үнемі жаңашылдыққа ұмтылады. Бүгінде оған жеті миллион адам тіркелген.

Андрей Петров

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Facebook

Андрей танымалдылығы мен шеберлігімен өзінің батыстық әріптестерінен еш қалыспайды. Бастапқыда сынның астында қалған бет әрлеушінің бүгінгі күні өз аудиториясы қалыптасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1804557-kyzdardan-kalyspaj-boanatyn-lemge-jgili-er-adamdar-kimder/