АҚШ-та шамамен 80 жыл бұрын жоғалған сүңгуір қайық табылды (фото)
Опубликовано:
Lost 52 Project жобасының зерттеушілер тобы Тынық мұхитында USS Grunion сүңгуір қайығының бөлігін тауып алды. Қайық Екінші дүниежүзілік соғыста бірінші жауынгерлік тапсырмасын орындау кезінде суға батқан деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

1942 жылдың жазында USS Grunion сүңгуір қайығы Алеут аралдарында шайқасқа түседі.
Онда екі жапон кемесін талқандаған қайық қайтар жолда із-түзсіз жоғалып кеткен. Кеменің бортында 70 адам болған.
820 метр тереңдікте субмаринаның бөлігін табуға дербес суасты құрылғылары көмектесті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1809504-aks-ta-samamen-80-zyl-bryn-zogalgan-sguir-kajyk-tabyldy-foto/