Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа 2020 жыл: 31 желтоқсанда не істеуге болмайды

Жарияланған күні:

Доңыз жылы қол бұлғап, кетуге асық. Ал тышқан жылы есіктерден сығалап тұр. Санаулы сағаттан кейін 2019 жыл да тарих қойнауына енеді. Жаңа 2020 жыл тек сәттілік пен бақыт әкелсін десеңіз, 31 желтоқсанда не істеуге болмайтынын біліп алғаныңыз жөн деп жазады Sputnik Қазақстан.

рррррр
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Жаңа жылмен байланысты ырым-тыйымдар, наным-сенімдер көп-ақ. Солардың бірнешеуін еске түсіруді жөн көрдік.

Сонымен, 31 желтоқсан күні не істеуге болмайды?

  • Жақындарыңызбен сөзге келіп қалмаңыз. Әйтпесе келесі жылы өміріңізде ұрыс-керіс, кикілжің көп болуы мүмкін.
  • Кешкі сағат 18:00-ден кейін қоқыс шығармаған абзал. Себебі қоқыспен бірге үйден сәттілік те кетеді деген наным бар.
  • Бұл күні ешкімге қарыз бермеңіз. Тіпті, ең жақын адамдардың өзіне.
  • Тышқан жылын лас, жиналмаған үйде қарсы алу – жамандықтың белгісі. Себебі жаңа жылда сіздің де өміріңіздің астаң-кестеңі шығып, сәтсіздікке ұрыну қаупі бар. Сондықтан Жаңа жыл қарсаңында үйді тап-тұйнақтай жинап, жуып-тазалаған жөн. Бірақ мұны 31 желтоқсанда емес, оның алдында жасау керек.
  • Жаңа жылды жалғыз қарсы алу түрлі қиындықтар мен күтпеген шығындарға әкеп соғуы мүмкін.
  • Жаңа жыл түні шаш қиып, тырнақ алмаған дұрыс. Үсті-басыңызды қараңғы түспей ретке келтіріп, сәнденіп алыңыз.
  • Киіміңіздің түймесі үзілсе, ине мен жіп алып, қадауға асықпаңыз. Әйтпесе, осы жылдың проблемалары сізбен бірге жаңа жылға да "еріп барады".
  • Мерекелік дастарқанға ескі киіммен емес, тек жаңа киіммен отыруға кеңес береміз.
  • Жаңа жылды тек қыз-келіншектермен қарсы алу жаман ырым саналады.
  • 2020 жылы жақындарыңызға тірі мысық немесе мысық бейнеленген картиналар, мүсіндер мен жұмсақ ойыншықтар беруге болмайды. Себебі бұл сүйкімді үй жануары – тышқанның қас дұшпаны.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1834393-zaa-2020-zyl-31-zeltoksanda-ne-isteuge-bolmajdy/