Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыста өмірге келген сәбилердің қандай ерекшеліктері бар

Жарияланған күні:

Ғалымдар нәрестенің үлкейгенде қандай болатыны қай мезгілде туғанына да байланысты деп жатады. Осыған сәйкес, қыз мезгілінде өмір есігін ашқан сәбилердің ерекшеліктері туралы қызықты деректі KAZ.NUR.KZ порталы Massaget.kz басылымына сілтеме жасап ұсынады.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

1. Жақсы оқиды

Қыста дүниеге келгендер жазда туғандарға қарағанда бірнеше ай үлкен болады. Дайындық мектебі мен бірінші сыныпқа барғанда балалардың жас айырмашылығындағы бірнеше айдың өзі рөл ойнайтыны дәлелденген. Сол себепті, миы сәл ертерек дамып, психологиялық тұрғыдан да оқу орнына баруға дайын болады.

2. Денелері ірі

Зерттеулерге сүйенсек, қыста өмір есігін ашқан балалардың салмағы ауыр, денелері ірірек келеді. Бұның себебі әзірге белгісіз, алайда ғалымдар алдағы уақытта оны да зерттеп, түсіндіріп беретіні сөзсіз.

3. Шала тууы ықтимал

Жылдың суық маусымында тұмау және басқа да сол сияқты вирустар тез тарайды. Анасы осындай ауру жұқтырып алса, уақыттынан ертерек босанып қалуы мүмкін.

4. Жиі ауырады

Қыста вирус пен инфекция жиі тарайтынын айттық. Қорғану үшін жаңа туған сәбидің иммундық жүйесі әлсіз болады. Сондықтан өмірге келген балаларды суықтан, жұқпалы инфекциялардан мұқият сақтау керек.

5. Тері күтімі

Жаз маусымына қарағанда қыста ауа құрғақ болады. Бұл мәселемен үйде күресуге болады, ал далада оған ешкім ештеңе істей алмайды. Осыған байланысты нәресте терісі жиі құрғап, үнемі ылғалдандырып отыруды қажет етеді.

6. Күн жетіспеушілігі

Қыс мезгілінде үй терезесінен ғана шағылысып күн көрінгенімен, жаз айларындағыдай қыздыратын күшке ие болмайды. Ал күн сәулесінен алынатын D дәрумені сәбидің бойына дарымаса, рахит ауруына шалдығып, жетілуі кешеуілдеуі ықтимал.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда 2019 жылы балаға ең көп қойылған есімдер туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1835293-kysta-mirge-kelgen-sbilerdi-kandaj-erekselikteri-bar/