Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Джекпот ұтып алғандаймын": АҚШ тұрғыны бір жылда екі рет егіз босанды

Жарияланған күні:

АҚШ Флорида штаты Уэст-Палм-Бич қаласының тұрғыны бір жылда екі рет егіз босанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ vse42.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

АҚШ тұрғыны 2019 жылдың наурыз айында егіз баланы дүниеге әкелген. Ал араға екі ай салып тағы да аяғы ауыр екенін білген. Осылайша тағы екі балаға өмір сыйлаған.

Дәлірек айтқанда, келіншектің екінші егізі 27 желтоқсан күні жарық дүние есігін ашты.

"Мен джекпот ұтып алған сияқтымын", - дейді америкалық әйел.

Жас ана бірден екі баланы дүниеге әкелемін деп ойламаған да көрінеді. Бірақ, оны әжесі де жас кезінде егіздерді дүниеге әкеліп, босанған сәтте айырылып қалған екен.

Төрт егізден бөлек, америкалық келіншектің үш жасар қызы бар.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысы Сарыағаш ауданында анасы екі жарым жасар бүлдіршіннің аузы мен денесін байлап тастағаны жайлы хабар тарады. Сәбидің шарасыз халі бейнеленген видео әлеуметтік желіде пайда болды.

Видеоны Ұлттық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек Facebook парақшасында жариялады. Ол тергеуші істі "дәлел жоқ, жабамын" деген соң баланың әкесі бейнероликті ғаламтор кеңістігіне салғанын жазған.

"Ерлі-зайыпты ажырасқанда, баланы автоматты түрде анаға қалдырады. Ананың баланы бағуға, тәрбиелеуге шамасы жете ме, оған көңіл бөліп жатқан ешкім жоқ! Баланы былайша тек психологиялық ауытқуы бар адамдар қорлайды. Ерлі-зайыптылар ажырасу кезінде сот психиатрдың тексеру анықтамасын талап етуі керек деп ойлаймын. Әйтпесе, қазіргі жас балалардың өз-өздерін суицидке итермелеуі де осы отбасылық жанжалдың кесірінен", - дейді қоғам белсендісі жазбасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1835598-dzekpot-typ-algandajmyn-aks-trgyny-bir-zylda-eki-ret-egiz-bosandy/