Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тәрбие тал бесіктен": Балаңызға айтуға болмайтын он сөзді білесіз бе

Жарияланған күні:

Психологтар баланың жасына қарамастан, ауыр тиетін сөздер тізімін жариялады. Тіпті тілі шықпаған баланың өзі ата-анасының жеткізу мәнеріне қарай оның маңынасын түсінеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы muslim.kz басылымына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

1. Сенің қолыңнан түк келмейді – әкел, өзім жасаймын!

Мамандардың айтуынша, бұл сөз баланы алдын ала сәтсіздікке байлайды. Ол өзін ақылсыз және икемсіз сезінеді. Сондай-ақ, "алдағы уақытта үлкендер тағы ұрсады" деп жаңа бастама алудан қорқады.

2. Ұста, тек тынышталшы!

Кейбір ата-ана бірнеше сағаттық "берші, алып берші" деген қыңқылдауды көтере алмайды. Алайда соңында баланың сұрағанын беруге келіскенде, ата-ана өздері байқамастан, баланы қыңқылдаумен сұрағанына қол жеткізуге, ал мамасының "жоғына" мән бермеуге жаман үйретеді.

3. Тағы да мұндайды байқасам – таяқ жейсің!

Қалыптасқан әдеткен сәйкес, барлығы осы құр қоқан-лоққымен шектеледі. Не әкесі, не анасы жазаны жүзеге асырмайды, ал бала босқа қорқақ болып өседі. Мұндай сөздер баланы ренжітіп, түсініспеушілік туғызу әбден мүмкін. Өз нәрестеңізді қорқытпаңыз. Бала белгілі жағдайда нені күтуге болатынын анық білу қажет. Ал үлкендердің кенеттен кеюі еш нәтиже бермейтіні сөзсіз.

4. Мен саған дереу доғар дедім!

Баламен бұлай дөрекі сөйлесуге болмайды! Егер абайсызда ашуыңызды көрсетсеңіз, кешірім сұраңыз. Бала өзін еш құқықсыз сезініп, ренжиді. Сондықтан "доғарудың" орнына қарсы шығып, кішкентайлары жылап, жасөспірімдері үнсіз өз жайына кетіп, тұйықталып қалады. Қысқасы, қалай болғанда да, бұл сөз қалауыңызға жеткізбейді.

5. Сен мынаны түсінуге тиіссің!

Көптеген бала бұл сөз бен оның қыңқылдақ жалғасына кертартпалық көрсетеді. Бала мұндай ақыл айтуды түсінбейді, сос себепті сізді тыңдамай, ойын басқаға ауыстырады. Ал, бала сол сәтте беймаза, ренжулі не ашулы болса, сіздің сөздеріңіз тіпті қабылданбайды. Оның да адам екенін, белгілі бір уайымы, ойлап жүрген өз мәселелері бар екенін ұмытпаңыз, сондықтан сіздің ең дұрыс деген ақылыңызды да ол сол сәтте түсіне алмайды.

6. Балалар (қыздар) бұлай жасамайды!

Мұндайды жиі қайталайтын ата-ана балада белгілі бір стереотип қалыптастырады. Кейін ересек өмірінде есейген жігіт өз сезімін, іс-әрекетін лайықсыз деп ойлайды, ал қыздар өзін "ерлерге арналған" кәсіппен айналысамын не "ұқыпсызбын" деп, үнемі бір нәрсеге көңілі толмай, кінәлайды.

7. Бекерге уайым-қайғыға салынба!

Мүмкін балаңыз үшін бұл бекер нәрсе емес шығар! Өзіңіздің балалық шағыңызды есіңізге түсіріңіз! Иә, балаңыз машинасыз қалғаны үшін не шаршылардан жасалған үйшігі бұзылғаны үшін ашуланып, ренжуі мүмкін. Оның кішкентай әлемінде дәл машина мен үйшік ең маңызды нәрсе болар! Баланың мәселелеріне немқұрайлылық көрсете отырып, сіз оның сенімін жоғалтып ала аласыз және болашақта өз балаңыздың күрделі мәселелері туралы білмей қалуыңыз мүмкін.

8. Менің денсаулығымды ойлашы!

Аналар бұл сөзді балаларына жиі айтады. Алайда, айтыла берген сөздің қадірі кетіп, шынында жағдайыңыз нашарласа, бала сіздің сөзіңізді "жүрекпен" қабылдай алмауы ықтимал. Ол анасының бұл сөзін тек оның тентек болмауы үшін айтып отыр деп ойлайды.

9. Жоқ, біз мұны сатып алмаймыз – ақша жоқ (қымбат)!

Балаға бәрін қатар сатып алуға болмайтынын түсіндіру қиын. Бірақ сіздің мұндай сөзіңізден егер ата-анасында ақша болса, дүкенді толығымен сатып алуға болады деген мағына шығады! Бала бұл сөзді дәл солай түсінеді. Одан да «мұндай ойыншық сенде бар», "көп тәтті жеген зиян" деу жақсырақ шығар. Иә, түсіндіру әрқашан қиын! Бірақ бала ата-анасының неліктен мұны сатып алып бермейтінін түсіну керек.

10. Жұрттың баласы!

Құдай мені не себепті соншалықты жазғырды екен, салақ, ынжық, иттің баласы, оңбаған және т.б. Мұндай белгілерді балаларға тағуға болмайды! Бұл баланың өзін бағалауын түсіріп, расымен сол атауларға сәйкестене бастайды.

Еске сала кетсек, осыған дейін тұрмыста кеңінен қолданыла бермейтін адамның жас атаулары туралы қызықты мәлімет ұсынғанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1835877-trbie-tal-besikten-balayzga-ajtuga-bolmajtyn-on-szdi-bilesiz-be/