Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кофенің таңертеңгілік сергектік сыйлайтыны қаншалықты рас

Жарияланған күні:

Еліміздің көптеген тұрғындары жұмыстың алдында кофе ішуді соңғы уақытта әдетке айналдырды. Сол кофе адамға таңертеңгілік сергектік сыйлайды ма? Жалпы бұл өнімді тұтынған қаншалықты пайдалы? Кофенің адам ағзасына тигізетін кері әсері бар ма? Бұл сұрақтарға KAZ.NUR.KZ порталы Massaget.kz басылымына сілтеме жасап жауап іздеп көрді.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Кофенің пайдасы мен зияны туралы жыл сайын ғылыми тұжырымдар айтылады. Бірі – қант диабетінен арылтады десе, екіншілері – оба ауруына шалдықтырады дейді. Яғни, қалай болғанда да оның адам ағзасына белгілі мөлшерде әсер ететіні анық.

Кофенің суда еритін түрін таңдаған дұрыс па, әлде дәнін бе?

Екеуін салыстырып қарасақ, салыстырмалы түрде кофе дәндерін таңдаған тиімдірек. Өйткені, ерігіш кофенің құрамында асқазан сөлін бірнеше есе артық бөлуге себеп болатын кофеин бар. Оның қышқылдығы жоғары болғандықтан, асқазанның қыжылына әсер етеді. Ал кофе дәндерінің құрамында кальций, калий, темір, магний, ағзаға қажетті 30 түрлі қышқыл бар.

Кофенің пайдасы бар ма?

  • Бұл өнімнің құрамында антиоксиданттар көп болғандықтан, ағзадағы жүрек қан тамырларын қорғайды.
  • Күніне 5 шыныаяқ кофе ішетін адамның қант диабетімен және жүрек, Паркинсон ауруымен ауырып қалу мүмкіндігі төмен.
  • Бұл өнімді дұрыс қолдану адамның күйзеліске қарсы тұру қабілетін жоғарылатады.
  • Ас қорытуды жылдамдатады.
  • Таңертең ішкен кофе адамды қалпына келтіреді.
  • Бір кесе кофенің 20 пайызы Р дәруменінен тұрады. Бұл артық салмақтан арылуға көмектеседі.

Кофе адам ағзасына қаншалықты зиян?

  • Дәрігерлер буын ауруымен, атеросклерозбен, гастритпен, асқазан жарасымен ауыратын адамдарға кофе ішпеуге кеңес береді.
  • Бұл өнім көп мөлшерде қолданылса адамның жүйкесі жұқаруы ықтимал.
  • Кофе жүрекке, жүрек қан тамырларына зиянын тигізеді.
  • Ағзадағы кальцийді ыдыратады. Кальций жетіспеушілігінен тіс құртылады. Сүйек сынғыш келеді.

Айта кетейік, бұған дейін саумал сусынының пайдасы туралы жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1836165-kofeni-taertegilik-sergektik-syjlajtyny-kansalykty-ras/