Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өлім аузында жатқан әкесі үшін неке қидырған қос ғашық елдің жүрегін елжіретті

Жарияланған күні:

Америкалық арудың әкесі өкпеге таралған ұрықтың қатерлі ісігі ауруына шалдыққан. Ал химиотерапия ер адамның ағзасына еш әсер ете алмады. Дәрігерлер оның туыстарына жұбатарлық болжам айта алмады. Сол себепті бойжеткен әкесі үшін жоспарланған тойын мерзімінен бұрын өткізуді шешті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ yellmed.ru-ға сілтеме жасап.

Өлім аузында жатқан әкесі үшін некелерін қидырған қос ғашық көптің жүрегін елжіретті
Фото: yellmed.ru: UGC

Бойжеткен өміріндегі маңызды күнді әкесіз елестете алмады. Ол бала күнінен тойын аста-төк етіп өткізуді армандапты.

Дәрігерлерден тұшымды жауап ала алмаған ерлі-зайыптылар тойларын қыста жасауға шешім қабылдады. Ару қуанышты сәтінде әкесінің жанында болуды қалады. Той интенсивті терапия бөлімінде барлық салт-дәстүрге сай өтті.

Ерлі-зайыптылар бір-біріне сақина тағып, достары мен жақындарының арасында уәделесті.

Неке қию рәсіміндегі жантебірентерлік суреттер мен видеолар желідегігерді тәнті етті. Жас жұбайлар адамдарды жақындарын бағалауға шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, мұсылман салты бойынша неке қидырған имамның жары жігіт болып шыққанын хабарлаған едік.

Мутумба есімді угандалық имам әйелдің киімін киген алаяқпен өткен жылдың соңында мешітте танысқан. Желтоқсан айында олар мұсылман салты бойынша той жасаған.

Екі апта бойы "Набукира" дін қызметкерімен төсек қатынасына түсуден, оның алдында шешінуден бас тартып жүреді. Ол неке түні болмас бұрын күйеуін ата-анасымен таныстырғысы келетінін сылтауратқан екен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1836265-lim-auzynda-zatkan-kesi-sin-nekelerin-kidyrgan-kos-gasyk-kpti-zregin-elziretti/