Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәскеуде тәтті бәліш жеуден жарысқа түскен 23 жастағы қыз мерт болды

Жарияланған күні:

Қайғылы оқиға Ресей астанасы Мәскеудегі мейрамханалардың бірінде болған. Алдын ала болжам бойынша бойжеткен сайысқа түскенде бір уақытта аузына бірнеше бәліш салып, қақалып қайтыс болған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Ресей басылымдарының мәліметінше, қайтыс болған бойжеткеннің жасы жиырма үште болған.

Болжам бойынша ол тәтті бәліш жеу сайысына қатысып, қатарынан бірнеше бәлішті жеу сәтінде қақалып қалыпты. Өкініштісі, бойжеткен оқиға орнында тіл тартпай кеткен.

Куәгерлердің айтуынша, ол сайыста қалған қатысушыларды басып озған. Марқұм тек сайыстың соңғы секундтарында бәлішке қақалып, есінен танып қалыпты.

Өкінішке қарай, куәгерлердің ешқайсысы бойжеткенге уақытылы көмек көрсете алмаған.

Ал оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем қызметкерлері болса, оның сол жерде жан тәсілім еткенін жеткізген. Десе де марқұмның нақты неден қайтыс болғаны әлі анықталмапты.

Ал ресейлік Рен ТВ телеарнасының хабарлауынша, бойжеткен сырқат болған және оған ішімдік ішуге тыйым салынған екен.

Аталған қайғылы оқиғадан хабардар болған ресейлік депутаттар мұндай жарыстардың қауіпті екенін және болашақта ондай сайыстарды өткізуден бас тарту керек екендігін айтқан. Айта кетейік, бұған дейін ресейлік ғалымдардың Қытайда тараған коронавирусқа қарсы препарат ойлап тапқанын мәлімдеген едік. Қытай тарапы тіпті аталмыш препаратты сынақтан өткізуді де бастаған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1841309-mskeude-tti-blis-zeuden-zaryska-tsken-23-zastagy-bojzetken-kz-zmdy/