Студент жігіт қарындасының бітіру кешіне ерекше көйлек тігіп берді
Жарияланған күні:
Филиппинде студент жігіт дизайнерлік білімі болмаса да қарындасының мектеп бітіру кешіне киетін ерекше көйлек тігіп берген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ BigPicture.ru-ға сілтеме жасап.
Филиппиннің Замбоанга қаласында тұратын Маверик Франсиско Ояо қарындасы Лу Асидің мектеп бітіру кешіне арнап ерекше әрі балдық көйлек тігіп шыққан.
Ағалы-қарындастың ата-аналарында мерекелік көйлекті сатып не жалға алатындай қаражат болмапты.
Қарындасының мектепті бітіру кешіне баруды қатты қалағанын көрген Маверик мәселені өзі шешуге кіріскен.
Мавериктің туыстары оған көйлекке қажетті материалдарды алуға көмектескен. Маверик Франсиско Майкл Синконың көктемгі-жазғы топтамасынан шабыт алып, балдық көйлектің эскизін сызған.
Мектеппен қоштасу кеші дәл Валентин мерекесі күні өткендіктен, бұл көйлек ағасының қарындасына деген махаббатының көрсеткіші іспеттес болыпты.
Айта кетсек, жас жігіт дизайнер емес, дегенмен ол университеттердің бірінде мәдениет және өнер факультетінде білім алады. Маверик көйлекті тігуге бір жарым аптадай уақыт жұмсапты.
Лу Аси ең үздік кешкі көйлек номинациясын жеңіп алмаса да, ағасының арқасында ең бақытты жан болған.
Еске сала кетейік, бұған дейін бұрынғы футболшы Дэвид Бекхэмнің жұбайы Виктория күзгі-қыстық топтамасын халық назарына ұсынғанын хабарлаған едік.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1842357-student-zigit-karyndasyny-bitiru-kesine-erekse-kjlek-tigip-berdi/