Пандемия кезінде қанша су ішу керек
Жарияланған күні:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында жарияланып, телефон чаттарында қайталанатын коронавирустық инфекцияны емдеу жөніндегі нұсқаулықтарда су ішу режимін сақтау керектігі жазылған. Бұл тұста дені сау адам ішуі тиіс су көлемі қанша болу керек, молынан су ішу деген не, қандай су ішу керек деген сұрақтардың туындауы заңды.
Осы үш маңызды сұраққа диетолог дәрігер, Қазақ тамақтану академиясының Тамақтану мәселелері институтының ғылыми қызметкері Евгений Бекаев пен Қазақстан Республикасы Валеология академиясының академигі Евгений Пятов жауап береді.
Дені сау адам қанша литр су ішуі тиіс
Физиолог мамандардың пікірінше, әр адамның тәулігіне тұтынуы тиіс орташа су көлемі оның салмағының әр 1 кг-на 35 мл-ге тең болуы тиіс. Бұған ас мәзіріндегі сұйық және қою тамақ, көкөністер мен жемістер, сусындар (шай, кофе, сүт, шырындар және т.б.) құрамындағы су кіреді. Сусындардың бір бөлігін тәулігіне 0,4-0,7 литр кәдімгі ауыз суға алмастырып, оны күні бойы азғантай бөліктермен ұрттай жүріп, ішкен жөн. Шөлдемесеңіз де іше берген дұрыс.
Суық тию және вирустық ауруларда қанша су ішу керек?
Дене қызуы көтерілген кезде ағзадағы сұйықтық мөлшері де азая түсіп, сусыздану орын алады. Ал бұл инфекцияның ағзаға әсерін күшейтеді.
Су ағзаның сусыздануға төтеп беру қауқарын арттырып, оны улы заттардан тазартуға, дене қызуын және қанның қоюлануын реттеуге мүмкіндік береді.
Тұтынатын су көлемі дене қызуының көтерілуіне қарай анықталады. Орташа есеппен дене қызуы 1°С -қа көтерілген сайын сұйықтық мөлшерін дене салмағының әр 1 кг-на ішетін суды 10 мл-ге арттырып отыру керек. Үй жағдайында дене қызуы +38…+39 °С-ге дейін көтерілген науқасқа дене салмағының әр 1 кг-на тәулігіне шамамен 50-60 мл су ішу қажет болады. Яғни, сағатына жарты немесе бір стақан жылы су ішкен жөн. Демек, науқас температурасы дене температурасынан жоғары болмайтын судан қайта-қайта ұрттап ішіп отыруы керек. Ал ас рационында қабынуға және микробтарға қарсы әсері бар пайдалы емдік шөптер мен жидек қосылған жылы шай болса, тіптен жақсы.
Қандай су ішу керек?
Адамның дене қызуы көтеріліп тұрған кезде су-тұз алмасу үдерісі бұзылады: ағза натрий, хлор, кальций, магний, йод сынды маңызды элементтерден айырылады. Ал бұл ағзадағы түрлі ауытқуларға әсер етіп, жүрек жұмысының, жүйке жүйесі мен бүйрек жұмысының бұзылуына әкеледі.
Элементтерді толықтыру үшін сүзгіден өткен тазартылған су ішу жеткіліксіз. Құрамындағы пайдалы микро- және макроэлементтері барынша теңдестірілген физиологиялық толыққандылық талаптарына сай келетін табиғи ауыз су ішкен жөн. Мұндай су ағзаның вируспен күрес нәтижесінде туындаған салдарлардан арылуына ғана емес, сонымен бірге ағзадағы су-тұз балансын демеуге мүмкіндік береді.
Көптеген су түрі ішінен Қазақ тамақтану академиясының Тамақтану мәселелері институты TURAN табиғи ауыз суын пайдалануды ұсынады. Ғылыми зерттеулер нәтижесінде TURAN-ның физиологиялық толыққанды табиғи ауыз суы екені дәлелденіп отыр. TURAN ауыз суының құрамында натрий, кальций, калий, магний, фтор және йод сынды маңызды элементтер бар. Өндіріс барысында су өзінің бірегей табиғи қасиеттерінің барлығын сақтап қалады. Ол шөлді басып қана қоймай, сонымен бірге денсаулыққа пайдалы болып саналады. Ал қажет болған жағдайда ағзаның дертті тезірек жеңуіне септігін тигізіп, қалыпты өмірге оралуға мүмкіндік береді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1863779-pandemia-kezinde-kansa-su-isu-kerek/