WhatsApp мессенджерінде өшірілген хаттарды қалай оқуға болады
Жарияланған күні:
Адамдар WhatsApp мессенджерінде жазған хаттарын, болмаса жіберген сурет, видеоларын жиі өшіріп жатады. Дегенмен, арнайы бағдарламалар арқылы өшірілген хаттарды көруге мүмкіндік бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.
Бұл туралы мәскеулік "Синергия" қаржы-өндірістік университетінің ақпараттық технологиялар институты директорының орынбасары Антон Аверин мәлім етті.
"Өшірілген хаттарды қалпына келтіретін бағдарламалардың басым бөлігін тек Android операциялық жүйесіне орнатуға болады. Жойылған хаттарды оқуға мүмкіндік беретін танымал бағдарламалардың бірі – Notif log notification history", – деп атап өтті маман.
Айта кетейік, осыған дейін ұялы телефондағы жаңғырықтың нені білдіретінін жазған болатынбыз.
Ресейлік "Инфосистемы Джет" орталығының желілік жобалар бөлімі бастығы Сергей Данилов жаңғырықтың екі түрі болатынын атап өтті – гибридтік және акустикалық.
Сондай-ақ ол жаңғырық телефон әңгімелерінің "тыңдалуын" білдіреді деген қауесетті жоққа шығарды.
Сондай-ақ бұған дейін ғалымдар ұялы телефонға тәуелді адамдарға смартфон жарығының зияны барын айтып, дабыл қаққан болатын.
Дерматологтар ұялы телефонға ұзақ үңілетіндерге бұл әдеттен арылуға кеңес беруде.
Зерттеушілер смартфонның көк жарығы күннің адам терісіне келтіретін зиянына теңбе-тең нұқсан келтіреді деген тоқтамға келген.
Биологиялық псориаз клиникаларында және Тері мен қатерлі ісік қорында жұмыс істейтін консултант-дерматолог Шьямалар Гунатхисанның айтуынша, смартфоннан шығатын көк түсті жарық адам терісін зақымдайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1878557-whatsapp-messendzerinde-sirilgen-hattardy-kalaj-okuga-bolady/