Ұрланған жәдігердің "қарғысына ұшыраған" саяхатшы оны кері қайтарып құтылды (фото)
Жарияланған күні:
Канадалық турист 15 жыл бұрын ұрлап әкеткен тарихи жәдігерлерді кері қайтарды. Ол жәдігерлердің "қарғысына ұшырап", талай қиындықтарды бастан өткергендігін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы obozrevatel.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Белгілі болғандай, Николь есімді канадалық турист Помпей қаласына (Италия) 2005 жылы жасаған экскурсиясы кезінде тарихи жерден жәдігерлерді ұрлап әкетеді.
Әйел содан бері 15 жыл ішінде жәдігерлер оған "бақытсыздықтар" әкелгенін түсініп, оны кері қайтаруды ұйғарған.
Ол өзімен бірге Помпейден екі мозаиканы, амфораның сынықтарын және керамикалық қабырғаның безендіру бөлігін алып кетіпті.
"Әйел "жәдігерлердің қарғысы өмірімді бұзды" деп мәлімдеген", - деп жазады CNN.
Николь Помпей археологиялық саябағына сәлемдеме жіберіп, хатында өз басынан кешірген жайттарды баяндаған.
Ол үйге оралғаннан кейін екі рет сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққанын, оны алып тастау керек болғанын және жанұясы банкротқа ұшырағанын айтты.
"Осы "тарих кесінділерінде" көптеген жағымсыз энергиялар сақталған болатын, сол кезде адамдар ауыр өлімнен қайтыс болған. Мен Помпейдің қарғысы біздің балаларымызға жеткенін қаламаймын. Мен кезінде жасаған бұл ұрлығым үшін кешірім сұраймын, жас әрі ақымақ едім", - деді Николь.
Помпейдегі мұражай қызметкерлерінің айтуынша, соңғы жылдары "ұрлықтан" кейін бақытсыздыққа ұшырағанын айтып, жәдігерлерді қайтаруды қалайтын жүзге жуық осындай хаттар келіп түскен.
Айта кетсек, біздің эрамыздың 79-шы жылында Везувий жанартауының атқылауы кезінде Помпейдің 20 мың тұрғынының екі мыңнан астамы қайтыс болған екен.
Еске салсақ, бұған дейін біз көк тиынға сатып алынып, қыруар қаражатқа сатылған сегіз таңғажайып бұйым туралы жазған едік.
Одан бөлек, анасы коронавирустан комаға түскен егіздер аман-есен дүниеге келгені туралы жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1879737-rlangan-zdigerdi-kargysyna-syragan-saahatsy-ony-keri-kajtaryp-ktyldy-foto/