Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Activ абоненттері енді мобильді трафикті жұмсамастан музыка тыңдап, фильм тамашалай алады

Жарияланған күні:

Kcell
Фото: «Кселл» АҚ

activ абоненттері мобильді телефон теңгерімінен сервисті төлеу мүмкіндігімен Яндекс жазылымын пайдалана алады.

Яндекс.Плюс — бұл Яндекс қызметтеріне бірыңғай жазылу. Ол Яндекс.Музыкада музыкалық тректерді тыңдауға және КиноПоиск HD онлайн-кинотеатрында фильмдерді, мультфильмдерді және сериалдарды тамашалауға мүмкіндік береді. Контенттен басқа, жазылушылар Яндекс.Таксиде «Комфорт» және «Бизнес» тарифтері бойынша сапарларға 10%, сондай-ақ Яндекс.Дискіде қосымша 10 Гб және бұлтты сақтау сервисінен қосымша орын сатып алуға 30% жеңілдік алады.

Сонымен қатар, жазылымға Яндекс.Афиша сервисі кіреді, онда фильмдерге, спектакльдерге, концерттерге және дәрістерге үстеме бағасыз билеттер тауып, сатып алуға болады.

Жақында КиноПоиск HD онлайн-кинотеатры Яндекс жазылушыларына арналған фильмдер, мультфильмдер мен сериалдар санын ұлғайтты, барлық пайдаланушылар 7,7 мыңнан астам атаудан тұратын жазылу каталогына толық қол жеткізу мүмкіндігін алды. Бұл ретте құны бұрынғы күйінде қалды - 849 тг/ай.

Сервистің жаңа пайдаланушылары жазылу сәтінен бастап 30 күн бойы сервисті сынап көру үшін тегін пайдалана алады. Сервистерді Яндекс.Плюс жазылымында пайдаланған кезде интернет трафик activ желісінде тарифтелмейді.

Бекарыс Нұрымбетов
Фото: «Кселл» АҚ

«Біз абоненттеріміздің трафигін талдадық және Яндекс.Плюс жазылымымен біріктірілген сервистер елімізде өте танымал екенін түсіндік. Абоненттеріміздің смартфондарындағы Яндекс қолданбалары күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналды. Олар музыка мен бейне стриминг арқасында қомақты трафик түзеді. Дәл осы себеппен біз екі нәрсені дұрыс деп таптық: біріншісі - абоненттеріміздің Яндекс.Плюске мобильді теңгерімді пайдаланулары арқылы жазылу мүмкіндігін жеңілдету. және екіншісі - Яндекс.Плюс жазылымы ішіндегі сервистерді осы тәсілмен жазылған абоненттер үшін тарифтемеу. Яндекспен серіктестік ұзақ мерзімді және өзара тиімді болатынына сенеміз, өйткені біз абоненттерімізге шын мәнінде қажет нәрсені бірге беретінімізді білеміз», - деп атап өтті «Кселл» АҚ New Business бөлімінің басшысы Бекарыс Нұрымбетов.

Айбек Нұрқадыр
Фото: «Кселл» АҚ

«Біз әрқашан абоненттерімізге сапалы және ыңғайлы қызмет көрсету мүмкіндіктерін табамыз және пайдаланамыз. Белгілі және сенімді сервистермен кооперация, түрлі бағыттағы қызметтерді әртараптандыру біздің компанияның даму стратегиясына кіреді. Бүгінде ұялы байланыс операторы байланыстан артық болуы тиіс. Біз абоненттерімізге кең ауқымды сервистерді пайдаланудың барынша қолайлы жағдайларын ұсынуға, олардың өмірін жеңілдетуге барынша жақсартуға ұмтыламыз», - деді «Кселл» АҚ стратегиялық даму департаментінің директоры Айбек Нұрқадыр.

Яндекс.Плюс жазылымын ресімдеу үшін:

1. https://activ.kz/ru/service/yandex.plus сайтына кіріп, «Қосу» тармағын таңдау керек.

2. IOS және Android үшін Яндекс.Музыка қолданбасын жүктеу және авторизациядан өту. Қолданбада Яндекс.Плюсті қосыңыз.

3. *676# USSD пәрменін теру.

Яндекс.Плюс жазылымын *676*2# USSD пәрменін теру арқылы өшіруге болады.

Жазылуға арналған тегін сынақ кезеңі бір рет беріледі және қайта қосылған кезде қайта басталмайды.

*PR құқынды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1880257-activ-abonentteri-endi-mobildi-trafikti-zmsamastan-muzyka-tydap-film-tamasalaj-alady/