Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көпшілік сүйіп жейтін "Оливье" салатының үш зиянды қасиетін білесіз бе

Опубликовано:

Салат оливье
Фото: gastronom.ru

Диетолог, гастроэнтеролог Марина Хорол жаңажылдық ас мәзіріндегі негізгі тағамдардың бірі — "Оливье" салатының үш зиянды қасиетін атады деп хабарлайды Life.ru.

Оның сөзінше, "Оливье" салатының бірінші зиянды қасиеті — ұйқы безіне жүктеме беретін ингредиенттердің көп мөлшері. Екіншісі — майлы және жоғары калориялы майонез және қаймақ, олар ұйқы безі мен өт қабына да әсер етеді, дейді Марина Хорол. Үшіншісі —салатта микроорганизмдердің тез көбеюі болып табылады.

Маман "оливье" түні бойы үстелде тұрса немесе тоңазытқышта бірнеше күн сақталса да денсаулыққа қауіпті болатынын сөз етті.

Оның түсіндіруінше, бұл түрлі улануларға әкелуі ықтимал.

"Қаңтардың алғашқы күндерінде, әдетте, астан улану деректері көбейетіні айдан анық. Көптеген адамдар ауруханаларға жүгінеді, себебі емханалар жабық. Улану, ұйқы безінің ауруларына шағымданушылар қатары артады", —диетолог.

Марина Хорол салатты көп мөлшерде жасамауды ескертіп, оны ұзақ уақыт сақтамау керектігін атап өтті.

Күн сайын аз мөлшерден дайындаған жөн дейді маман.

Осы орайда диетолог зиянды майонезді йогуртпен алмастыруды ұсынады. Марина Хоролдың сөзінше, йогурт салаттың дәмін өзгертпейді, есесіне тағамның майлылығы төмендеп, ас қорыту жүйесіне салмақ түсірмейді.

Еске сала кетсек, осыған дейін ғалымдар ұялы телефонға тәуелді адамдарға смартфон жарығының зияны барын айтып, дабыл қаққан болатын.

Дерматологтар ұялы телефонға ұзақ үңілетіндерге бұл әдеттен арылуға кеңес беруде.

Зерттеушілер смартфонның көк жарығы күннің адам терісіне келтіретін зиянына теңбе-тең нұқсан келтіреді деген тоқтамға келген.

Биологиялық псориаз клиникаларында және Тері мен қатерлі ісік қорында жұмыс істейтін консултант-дерматолог Шьямалар Гунатхисанның айтуынша, смартфоннан шығатын көк түсті жарық адам терісін зақымдайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1889373-kpsilik-sjip-zejtin-olive-salatyny-s-ziandy-kasietin-bilesiz-be/

pixel