Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қалыңдығына оғаш сыйлық берген жігіттің үйлену тойы болмай қалды (фото)

Опубликовано:

Қалыңдық
Көрнекі фото: pexels.com

Қытайда жас жұбайлардың тойы оғаш сыйлыққа бола өтпей қалды. Қалыңдық ғашығының төстартқыш сыйлағанына бола қатты ашуланып, тойға келуден бас тартқан деп жазады "Факты" басылымы.

Қытайдың Гуйчжоу провинциясында болған бұл жайт Weibo әлеуметтік желісінде қызу талқыға түскен. Ян есімді азамат Луо есімді ғашығымен некесін қидырып, келесі күні той жасауды ұйғарады.

Алайда қалыңдық дәл той күні ажырасатынын мәлімдеп, тойға келмей қойған. Бұған оның жан жарынан алған бір күн бұрынғы сыйлығы себеп болыпты.

Жас жұбайлар
Қалыңдық. Фото: Pixabay және Weibo

South China Morning Post басылымының мәліметіне сәйкес, жас жігіт үш жылдан астам уақыт бірге болған ғашығына 88 мың юань (шамамен 14 мың доллар), жаңа көйлек және төстартқыш сыйлаған. Алайда төстартқыштың өлшемі кішкентай болып қалғанына күйінген қалыңдық оның бұл сыйлығын мазақ ету деп тапқан.

"Мен оған сыйлығы менің өлшемдеріме сәйкес келмейтінін айтып, қоңырау шалғанымда, ол маған "тұрмысқа шыққың келмесе, ақшамды қайтар" деп жауап берді", - деп болған жайтты есіне алды ару.

Бойжеткен ренжіп, тойына туыстарымен бірге мүлде келмей қойған. Тойдың барлық шығындарын алдын ала төлеп қойған Ян өз жақындарымен үйлену тойын көңілді кешке айналдыра салуды ұйғарады. Өзін кінәлі сезінбейтін азамат бұл жайтқа қыздың ата-анасын айыпты санайтынын алға тартты.

Айтуынша, ол ғашығына төстартқыш сатып алмастан бұрын, оның ата-анасынан арудың өлшемдерін сұратқан. Алайда ата-анасы бұл сұраққа жауап беруге асықпағандықтан, жас жігіт өз қалауынша сыйлықты ала салған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1893477-kalydygyna-ogas-syjlyk-bergen-zigitti-jlenu-tojy-bolmaj-kaldy-foto/

pixel