Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар астмаға арналған дәрі коронавирусты емдейтінін айтып, сүйінші сұрады

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Астмаға арналған дәрі кронавирус инфекциясының асқынуына жол бермейді. Алайда, оны тек аурудың алғашқы аптасында қолдану керек. Мұндай шешімді британдық ғалымдар мәлімдеді деп жазады The Guardian.

Ұлыбританиялық дәрігерлер астмамен ауыратындардың коронавирусқа жиі шалдығатынын айтты. Осы орайда, тыныс жолдарының басқа да созылмалы аурулары ковидті одан сайын қиындата түседі.

Ғалымдар астмаға ұшырағандар пайдаланатын ингаляциялық кортикостероидтар науқасқа қорғаныш әсерін беретінін айтады.

Ковид жұқтырған 146 науқасты бақылаған олар сырқаттарды екі топқа бөлген. Бір топқа кніне 800 мг будесонид берілсе, екінші топқа мұндай ем қолданбаған.

28 күннен кейін будесонид қолданған науқастардың 90 пайызы жедел көмек пен ауруханаға жатудан бас тартқаны белгілі болды. Аталған дәріні қолданған сырқаттардан ковид симптомдары жылдам жойылған.

"Егер бұл дәріні кең масштабта қолданып, жасы үлкен, созылмалы ауруары бар науқастарды да емдей алсақ, коронавирусты инфекцияның бетін қайтаруға болады", - дейді Бристоль университетінің дәрігері Джеймс Додд.

Айта кетейік, әзірге коронавирустан стационарға жатпай-ақ емделетін бірде бір дәрі анықталған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1898555-galymdar-astmaga-arnalgan-dari-koronavirusty-emdeitinin-aityp-suiinsi-surady/

pixel