Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде 8 наурыз қарсаңында қандай заттар көп сатылады

Жарияланған күні:

фото
Көрнекі фото: pexels.com

Халықаралық әйелдер күнінің қарсаңында AliExpress платформасы сатып алу трендтеріне талдау жасап, қазақстандықтар сыйлық ретінде нені жиі сатып алатындығын анықтады деп жазады massaget.kz.

Басылым мәліметінше, мерекеге бірер апта қалғанда әйелдер киімінің сатылымы едәуір өскен.

Әйелдер жейдесі мен нымшаларына жасалған тапсырыстардың саны қаңтар айымен салыстырғанда ақпан айында алты есеге өскені, ал бешпеттер мен свитерлердің сатылымы үш есеге өскені айтылды.

Платформада ең көп сатып алынған киімдер қатарында көйлектердің әртүрлі үлгілері бар. Олар: жейде-көйлектер, романтикалық стильдегі ұзын көйлектер, сонымен қатар тоқылған үлгілер.

"Сұлулық және денсаулық" категориясындағы тауарлар 8 наурыз қарсаңындағы сыйлықтар тобына кірген. Опа-далап жағуға арналған жиынтықтың және кірпік өсіруге арналған жиынтықтардың саны сегіз есе өскен.

Тері күтімі бойынша тапсырыс берілген амалдардың саны бес есе, себезгіге арналған гель, ваннаға арналған көпіршік және сабын сияқты гигиеналық амалдар саны екі жарым есе, бетке арналған бояну заттарының сатылымы бір жарым есе есе артқан.

Сонымен қатар 8 наурыз қарсаңында интернет дүкеннен сатып алу жағынан асүйлік комбайндар үлкен сұранысқа ие болған. Оларға деген сұраныстың қаңтар айымен салыстырғанда 6,8 есеге өскені белгілі болды.

Интернет дүкені мереке қарсаңында Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Шымкент және Павлодар тұрғындарының сыйлық сатып алу белсендігі артқанын хабардар етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1902263-elimizde-8-nauryz-qarsanynda-qandai-zattar-kop-satylady/