Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір ай бойы фастфудпен тамақтанса не болады

Опубликовано:

көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Фастфуд – ультраөңделген тағамға жатады. Құрамында пайдалы заттарға қарағанда зияндысы көп. Тез дайындалатын тағамның бұл түрі ағзаға қаншалық зиян екенін көрсету үшін ағылшын дәрігері арнайы эксперимент жасаған деп хабарлайды Massaget.kz.

Дәрігерлікпен бірге тележүргізушілікті қатар алып жүрген Крис ван Туллеке фастфуд өнімдеріне эксперимент жасаған.

Ағылшын азаматы бір ай бойы тек фастфудпен тамақтанғанын жасырған жоқ.

Оның айтуынша, әр күніндегі тамақ рационының 80 пайызын фастфуд құраған екен.

Құрамында көмірсуы мен майы көп аталған тағамдар медицина саласы маманының ағзасына әжептеуір салмақ салыпты.

Нәтижесінде бір айдың ішінде Крис ван Туллеке бірден 7 келі салмақ қосып, денсаулығының нашарлағанын сезінген.

Асқазанында қыжыл пайда болып, геморройы асқынып кеткенін де мойындады.

Ағылшын дәрігері денесін әлсіздік басып, шаршау сынды депрессиялық көңіл-күйдің белгілері байқала бастағанын атап өтті.

Бұрынырақ түні тыныш болған Крис ван Туллекенің тәжірибе уақытында ұйқысы қашып кетіпті. Оның сөзінше, түнде ұйықтай алмай дөңбекшіп жататын кездері көбейген.

Мұндай шағын тәжірибені Туллекенің әріптестері де жасап көрген екен. Олар да бір ай бойы фастфуд жеген. Эксперимент аяқталғаннан кейін жүргізілген медициналық зерттеуде бір ай бойы фастфуд жеген адамның миында сол тамаққа деген кіріптарлық, басыбайлық пайда болыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1913609-bir-ai-boiy-fastfudpen-tamaqtansa-ne-bolady/

pixel