Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үндістанда коронавирустың жаңа қауіпті штамы тарап жатыр

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі сурет: pixabay.com

Үндістанның Махараштра штатында коронавирустың "дельта плюс" атты жаңа штамын жұқтырудың 20 жағдайы тіркелді деп хабарлайды РИА Новости.

"Біз Нави-Мумбайдан, Палгареден және Ратнагириден "дельта плюсті" таптық. Осыдан кейін біз сараптама жасау үшін көбірек үлгілерді жібердік және есептерді күтудеміз", - деді Медициналық білім және ғылыми зерттеулер басқармасының басшысы, доктор Т.П.Лахан India TV телеарнасына.

Ратнагири қаласында жаңа штамды жұқтырудың бес жағдайы тіркелді, жұқтырғандардың екеуінде дерттің ешқандай белгілері болмаған. Коронавирустың таралуын тоқтату үшін билік мутация табылған аймақтарды оқшаулады.

B.1.617 коронавирустық штамы Үндістанда 2020 жылдың 5 қазанында Махараштра штатында анықталған болатын және жақында көптеген елдерде табылды. Жергілікті дәрігерлердің айтуынша, бұл мутация Үндістандағы коронавирустың екінші толқынының себептерінің бірі болуы мүмкін.

Бұрын осы штамның үш түрі табылған, ал жаңа штамның төртінші түрі коронавируспен ауырған және вакцина салдырған адамдардың ағзасындағы антиденелерді азайта алады. Үндістан дәрігерлері атап өткендей, бұл штамм алғаш рет осы жылдың наурыз айында Еуропада табылған.

Үндістан коронавирустың анықталған жағдайлары бойынша әлемде екінші орында қалып отыр. Жергілікті денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, өткен жылдың наурыз айынан бастап коронавирус пандемиясы басталғаннан бері коронавирусты жұқтырған адамдардың жалпы саны 29,8 миллионнан асқан, олардың 28,7 миллионнан астамы сауығып кетсе, 386 мыңнан астамы қайтыс болды, қазіргі уақытта 729 мың адам емделіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1918608-undistanda-koronavirustyn-zana-qauipti-stamy-tarap-zatyr/

pixel