Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Карантинге қарсы болған жігіт төсек жаймасынан арқан жасап, терезе арқылы ізін суытты (фото)

Жарияланған күні:

Қонақ үй
Фото: Facebook / WA.Police

Австралия тұрғыны саяхаттан кейін карантинде оқшауланудан бас тартып, терезе арқылы қашып кеткен деп жазады coasttocoastam.com сайты.

Қонақүйде уақытша оқшаулануы тиіс болған азамат емін-еркін жүріп-тұруды қалаған. Сөйтіп қонақүйден қашып кетудің ерекше амалын тапқан.

Нақтырақ айтқанда, жігіт төсек жаймасынан арқан жасап, қонақүйдің төртінші қабатынан терезе арқылы жерге түскен.

Қонақ үй
Фото: Facebook / WA.Police

Десе де, қырағы полицейлер оны дереу қолға түсірген. Енді тұрғын бұл қылығы үшін темір торда оқшауланатын болды.

Абырой болғанда, ер адамның тест нәтижелері, оның коронавирус жұқтырмағанын көрсеткен. Енді оған тек заңбұзушылығынан туындаған қиындықтарды шешуге тура келеді.

Тәртіп сақшылары болса, төсек жаймасынан арқан жасап, терезеден түсудің өте қауіпті екенін, арқан кез келген сәтте үзіліп кетсе, өмірмен қош айтысу ғажап еместігін айтып, мұндай әрекетті ешкімге қайталамауға кеңес беріп отыр.

Қонақ үй алды
Фото: Facebook / WA.Police

Еске салсақ, бұған дейін Ресейде терезеден құлаған бүлдіршінді қағып алған әжей жұрттың алғысына бөленгенін жазған едік. Әжейге алғыс хат, джаз-клубқа шақырту мен гүл шоқтары сыйға тартылған.

Одан бөлек, жүрегінің түгі бар азамат пойыздың астына түсуге сәл-ақ қалған баланы құтқарып үлгергенін жазған болатынбыз.

Өз өмірін қатерге тіге отырып, балақайды құтқарып қалған азамат ерлігі үшін түрлі марапаттар мен 664 доллар көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1924328-karantinge-qarsy-bolgan-zigit-tosek-zaimasynan-arqan-zasap-tereze-arqyly-izin-suytty-foto/