Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нитратқа толы улы қарбызды қалай ажыратуға болады: Агроном жауабы

Жарияланған күні:

Қарбыз
Көрнекі сурет: pixabay.com

Тамыз айын қарбыздың маусымы деп атауға болады. Десе де, тіпті тамыз айында нитратқа толы улы қарбыздар кездесіп жатады. Осы орайда ресейлік агроном Владимир Викулов қарбыз таңдауда неге мән беру керектігін Sputnik радиосына айтып берді.

Минералды тыңайтқыштар әдетте қарбыздың енді пісетін кезеңінде қолданылады. Маманның айтуынша, әбден піскен жемістің құрамында нитрат болмайды. Тексеріс кезінде нитрат көбіне ең алғашқы қарбыздарда кездеседі. Десе де тамыз айында да тұтынушы нитратқа толы улы қарбызға тап болуы ғажап емес.

Нитраттардың жоғары концентрациясы денсаулыққа зиян, ондай қарбыздан улану әбден мүмкін. Сондықтан, сатып алушылар қауынды тіпті тексерістен өткені туралы сертификаты болса да дұрыс таңдай білуі маңызды деп санайды Викулов.

"Қарбыздарды тексерістен өткізу міндетті саналады, олардың сапасы сертификатпен расталуы керек. Дегенмен, "қарбызда нитраттардың жоқтығы туралы қағаз" да салғырт беріле салған болса, сатып алушының қарбызды дұрыс таңдай білуі оны қиындықтардан құтқарады", - дейді агроном.

Оның айтуынша, жақсы піскен қарбыздың беті тегіс болады. Қарбыздың қабығы кедір-бұдыр болса, абай болу қажет, себебі бұл нитраттардың жоғары концентрациясы болуы мүмкін екенін аңдатады деп түсіндірді Викулов.

"Қарбыздың беті кедір-бұдыр болуы және кескен кезде қабығының әдеттегіден әлдеқайда қалың болуы - нитраттардың жоғары мөлшері бар екендігінің бір белгісі", - деп ескертті агроном.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1925694-nitratqa-toly-uly-qarbyzdy-qalai-azyratuga-bolady-agronom-zauaby/